Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide
Білген жөн
Құрылғы басып шығармайды.
• Басып шығару кезегі тізімін ашыңыз жəне құжатты
тізімнен алып тастаңыз.
• Драйверді жойып, қайта орнатыңыз (43-беттегі
"Драйверді жергілікті орнату" бөлімін қараңыз).
• Құрылғыны Windows жүйесінде əдепкі құрылғы ретінде
таңдаңыз.
Керек-жарақтарды немесе шығын
материалдарын қайда сатып алуға
болады?
• Samsung дистрибьюторынан немесе бөлшек
сатушыдан сұраңыз.
• www.samsung.com/supplies торабына кіріңіз. Өнімге
қызмет көрсету туралы ақпаратты қарау үшін елді/
аймақты таңдаңыз.
Көрсеткіш шамы жыпықтайды немесе
тұрақты жанып тұрады.
• Өнімді өшіріп, қайта қосыңыз.
• Осы нұсқаулықта көрсеткіш шамның мағыналарын
тексеріңіз жəне ақауларды сəйкесінше жойыңыз (28-
беттегі "Жарық диодтарын түсіну" бөлімін қараңыз).
Қағаз кептелісі орын алды.
• Қақпақты ашып, жабыңыз (22-беттегі "Алдыңғы көрінісі"
бөлімін қараңыз).
• Осы нұсқаулықта қағаз кептелісін алып тастау туралы
нұсқауларды қараңыз жəне сəйкесінше ақаулықтарды
жойыңыз .
Басып шығарылған қағазда дақтар бар.
• Тонер деңгейі төмен немесе біркелкі емес болуы
мүмкін. Тонер картриджін шайқаңыз.
• Басып шығару ажыратымдылығының басқа
параметрлерін қолданып көріңіз .
• Тонер картриджін ауыстырыңыз.
Машинаның драйверін қайдан жүктеп алуға
болады?
•Samsung веб-торабынан анықтаманы, қосымша
бағдарламаларды, құрылғы драйверлерін,
нұсқаулықтарды жəне тапсырыс беру туралы
ақпаратты ала аласыз, www.samsung.com > өнімді
табыңыз > Қолдау немесе Қотарулар.