Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide

Сканировать и отправить 'экраны туралы
132
5. Сканерлеу жəне жіберу (сканерлеу)
Регулировка изображения
Бұл опция кескінді қолмен реттеуге мүмкіндік береді.
Плотность: Сканерленген шығыс файлының күңгірттілігін реттеуге
мүмкіндік береді. Оңып кеткен түпнұсқаларды немесе контрасты
төмен түпнұсқаларды сканерлеу кезінде өте пайдалы.
Резкость: Оқуға оңай болатындай мəтіннің шеттерін реттеуге
мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндікті сонымен қатар, кескін
детальдарын кеңейту үшін пайдалана аласыз.
Контрастность: Сканерленген қағаздың бұдырлығын немесе
тегістігін арттыру үшін контрастты реттеуге мүмкіндік береді. Бұл
мүмкіндікті кескіннің сапасын арттыру үшін немесе мəтінің
анықтығын арттыру үшін пайдалануға болады.
Настройка фона
Бұл опция газет немесе каталогтар сияқты өңдік түсі бар
түпнұсқаларды теңшеуге мүмкіндік береді. Көшірмелердің оқылуын
оңайлату үшін бұл мəзірдегі опцияларды пайдалануға болады.
Плотность фона: Сканерленген кескіндегі фонның тығыздығын
реттеуге мүмкіндік береді. Бұл функция ескіріп сарғайып кеткен
түпнұсқаларды немесе фоны күңгірт түпнұсқаларды сканерлеу
кезінде аса ыңғайлы.
Изображение на обороте: Түпнұсқаның екінші жағынан көрінетін
кез келген мəтін немесе кескіндерді өшіруге мүмкіндік береді.
Сканерленген дерек анық екендігіне көз жеткізу үшін бұл
функцияны пайдалануға болады.