Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide
134
5. Сканерлеу жəне жіберу (сканерлеу)
TWAIN қосылған бағдарламамен сканерлеу
Басқа бағдарламаны пайдаланып құжаттарды сканерлеу керек болса,
Adobe Photoshop сияқты TWAIN интерфейсімен үйлесімді
бағдарламаны пайдалану керек.
TWAIN талаптарына сай бағдарламалық құралмен сканерлеу үшін
төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1
Құрылғы компьютерге қосылып, қуат көзіне қосылғанын
тексеріңіз.
2
DSDF ішіне түпнұсқаларды беткі жағын жоғары қаратып
орналастырыңыз немесе жалғыз түпнұсқаны беткі жағын төмен
қаратып сканер əйнегіне орналастырыңыз жəне DSDF
құрылғысын жабыңыз (51-беттегі "Түпнұсқаларды жүктеу"
бөлімін қараңыз).
3
Adobe Photoshop секілді бағдарламаны ашыңыз.
4
TWAIN терезесін ашыңыз жəне сканерлеу параметрлерін
орнатыңыз.
5
Сканерлеңіз жəне сканерленген кескінді сақтаңыз.