Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide

Факс қабылдау
159
6. Сканерлеу жəне жіберу (факс жіберу)
Егер құрылғыда осы режим орнатылып, жауап беруші құрылғы
өшірілген немесе EXT ұясына жалғанған болса, алдын ала
орнатылған қоңыраулар санынан кейін құрылғы автоматты
түрде Факс режиміне өтеді.
Егер жауап беру құрылғысында теңшелетін айналмалы
есептегіш болса, бірнеше рет қоңырау шалмас бұрын оны кіріс
қоңырауларына жауап беру күйіне орнатыңыз.
Телефон режимінде болса, құрылғыңызға жауап беру
құрылғысы жалғанған кезде жауап беру құрылғысын өш
іру
қажет. Əйтпесе, жауап беру құрылғысының шығыс хабарлары
телефон байланысын үзеді.
11
Қауіпсіз қабылдау режимінде қабылдау
Қабылданған факстерді рұқсаты жоқ адамдардың оқуын болдырмау
керек болуы мүмкін. Құрылғы қараусыз қалған кезде кіріс факсты
басып шығаруды шектеу үшін қауіпсіз қабылдау режиміне қосуға
болады. Безопасный прием режимінде, барлық кіріс факстар жадта
сақталады.
1
Дисплей экранында Настройки > Настройки факса >
Безопасный прием тармағын басыңыз.
Безопасный прием режимін құрылғыда тіркелген құпия сөз бар
пайдаланушы арқылы ғана теңшей алады. Құрылғы талап еткен
кезде құпия сөзді енгізіңіз.
2
Осы функцияны қосу үшін Вкл. түймесін басыңыз.
Құрылғы факсты осы режимде қабылдаған кезде, Печать опциясы
қолжетімді болады. Қорғалған факстарды басып шығару қажет
болса, Печать түймесін басыңыз. Содан кейін барлық қорғалған
факстар басып шығарылады.
3
Құпия код орнату қажет болса, құпия код бос орнын түртіп, құпия
кодты енгізіңіз.
4
Кіріс факстардың əрқашан жадта сақталуы қажет болса, Весь
день опциясын басыңыз. Олай болмаса, келесі қадамға өтіңіз.
5
Время начала түймесін басып, жоғары/төмен түймелерін
пайдаланып арнайы бастау уақытын орнатыңыз. Аяқтаған кезде
Установить түймесін басыңыз.
6
Время оконч. түймесін басып, жоғары/төмен түймелерін
пайдаланып арнайы аяқтау уақытын орнатыңыз. Аяқтаған кезде
Установить түймесін басыңыз.