Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide

193
8. Басқару құралдары
Easy Eco Driver
Windows операциялық жүйесінің пайдаланушылары ғана үшін қолжетімді (8-беттегі "Бағдарламалық жасақтама" бөлімін қараңыз).
Easy Eco Driver бағдарламасының көмегімен басып шығару алдында қағазды жəне тонерді үнемдеу үшін Eco функцияларын қолдануға болады.
Easy Eco Driver бағдарламасы, сонымен бірге, қарапайым өңдеуді орындауға мүмкіндік береді, мысалы, суреттерді жəне мəтіндерді жою жəне
т.б. Жиі пайдаланылатын параметрлерді алдын ала орнатылған ретінде сақтауға болады.
Пайдалану əдісі:
1 Басып шығару керек құжатты ашыңыз.
2 Басып шығару теңшелімдері терезесін ашыңыз (76-беттегі "Басып шығару теңшелімдерін ашу" бөлімін қараңыз).
3 Избранные настройки қойындысынан Эко печать-пред.просмотр пəрменін таңдаңыз.
4 Терезеде ОК > Печать бөлімін таңдаңыз. Алдын ала қарау терезесі пайда болады.
5 Құжатқа қолдану керек параметрлерді таңдаңыз.
Қолданылған функцияларды алдын ала қарауға болады.
6 Печать түймесін басыңыз.
Əр басып шығару кезінде Easy Eco Driver бағдарламасын іске қосу қажет болса, басып шығару параметрлері терезесіндегі Основные
қойындысындағы Запустить Easy Eco Driver перед печатью документа құсбелгісін тексеріңіз.