Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide

194
8. Басқару құралдары
Samsung Easy Document Creator пайдалану
Samsung Easy Document Creator дегеніміз пайдаланушыларға бірнеше
пішімдегі құжаттарды, соның ішінде электронды жарияланым
пішімдерін сканерлеу, жинау жəне сақтауға көмектесетін қолданба.
Бұл құжаттарды əлеуметтік желі сайттары немесе факс көмегімен
бөлісуге болады. Сіз кітапханада іздеуді ұйымдастыруы қажет студент
болсаңыз немесе соңғы туған күнді мерекелеуде түсірілген
фотосуреттерді сканерлеп бөліскіңіз келсе, Samsung Easy Document
Creator қажет құралдармен қамтамасыз етеді.
Samsung Easy Document Creator төмендегі функциялармен
қамтамасы
з етеді:
Сканирование изображения: Бір немесе бірнеше суретті
сканерлеу үшін пайдаланыңыз.
Сканирование документа: Мəтін немесе мəтін мен суреттер бар
құжаттарды сканерлеу үшін пайдаланылады.
Преобразование текста: Өзгертілетін мəтін пішімінде сақталуы
тиіс құжаттарды сканерлеу үшін пайдаланылады.
Сканирование книги: Планшетті сканер көмегімен кітаптарды
сканерлеу үшін қолданылады.
Загрузка в социальную сеть: Сканерленген кескінді немесе
бұрыннан бар кескінді əлеуметтік желілерді түрлендіру үшін оңай,
əрі жылдам жүктеп салу жолымен қамтамасыз етеді.
Преобразование в электронную книгу: Бірнеше құжатты бір
электрондық кітап ретінде сканерлеу немесе бұрыннан бар
файлдарды электрондық кітап пішіміне түрлендіру мүмкіндігін
береді.
Плагин: Microsoft Office бағдарламасынан тікелей сканерлеңіз
жəне факс арқылы жіберіңіз.
Терезеден Справка () түймесін таңдаңыз немесе білгіңіз келетін
кез келген опцияны шертіңіз.