Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide
195
8. Басқару құралдары
Samsung Easy Printer Manager бағдарламасын пайдалану
•Windows жəне Mac опрециялық жүйесінің пайдаланушыларына
ғана қолжетімді.
•Windows жүйесінде Samsung Easy Printer Manager
бағдарламасы үшін Internet Explorer 6.0 немесе одан жоғары
нұсқасы ең жоғары талап болып табылады.
Samsung Easy Printer Manager – Samsung құрылғысының
параметрлерін бір жерге біріктіретін қолданба. Samsung Easy Printer
Manager бағдарламасы құрылғы параметрлерін, сонымен бірге, басып
шығару орталарын, параметрлерін/əрекеттерін жəне іске қосуды
біріктіреді. Осы функциялардың барлығы Samsung құрылғысын
ыңғайлы пайдалануға жол ашады. Samsung Easy Printer Manager
пайдаланушыға таңдау үшін екі түрлі пайдаланушы интерфейсін
қамтамасыз етеді: негізгі пайдаланушы интерфейсі жəне кеңейтілген
пайдаланушы интерфейсі. Екі интерфейстің арасында ауысу оңай:
жай ғана түймені басыңыз.
11
Samsung Easy Printer Manager бағдарламасын
түсіну
Бағдарламаны ашу үшін:
Windows жүйесінде
Пуск > Программы немесе Все программы > Samsung Printers >
Samsung Easy Printer Manager > Samsung Easy Printer Manager
бөлімін таңдаңыз.
Mac үшін,
Applications қалтасын > Samsung қалтасын > Samsung Easy Printer
Manager бөлімін ашыңыз.
Samsung Easy Printer Manager интерфейсі төмендегі кестеде
сипатталған əртүрлі негізгі бөлімдерден тұрады: