Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide

213
9. Ақаулықтарды жою
Тонерді қайта тарату
Тонер картриджін пайдалану мерзімі аяқталайын дегенде:
Ақ жолақтар немесе ашық басып шығару жəне/немесе жақтарда тығыздық əртүрлі болады.
Состояние жарық диоды қызыл түспен жанады. Дисплейге тонердің төмен екендігі жайлы тонерге қатысты хабарлама шығуы мүмкін.
Компьютер экранына компьютердің Samsung Printing Status бағдарламасының терезесі шығып, қай картридждің тонері төмен екенін ескертеді
(199-беттегі "Состояние принтера Samsung бағдарламасын пайдалану" бөл
імін қараңыз).
Бұл орын алса картриджде қалған тонерді қайта тарату арқылы басып шығару сапасын уақытша жақсарта аласыз. Кейбір жағдайларда ақ
жолақтар немесе ашық басып шығару тіпті тонерде қайта таратудан кейін де орын алады.
Бұл пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер құрылғының үлгісіне немесе орнатылған опцияларға байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Құрылғының түрін тексеріңіз (22-беттегі "Алдыңғы көрінісі" бөлімін қараңыз).
Тонер картриджінің зақымдалуын болдырмау үшін оған бес минуттан артық жарық түсірмеңіз. Қажет болса, оны қағазбен жабыңыз.
Тонер картриджінің жасыл бөлігіне тимеңіз. Бұл аумаққа тимеу үшін картридж тұтқасын пайдаланыңыз.
Тонер картриджінің орамасын ашу үшін пышақ немесе қайшы сияқты өткір заттарды қолданбаңыз. Олар картридждің барабанына сызат түсіруі
мүмкін.
Егер тонер киімге тисе, оны құрғақ ш
үберекпен сүртіңіз жəне киімді суық сумен жуыңыз. Ыстық су тонерді матаға сіңдіреді.