Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide
215
9. Ақаулықтарды жою
Тонер картриджін ауыстыру
Тонер картриджі өзінің есептелген қызмет көрсету мерзіміне жақындады:
• Дисплейдегі көрсеткіш шамының күйі мен тонерге қатысты хабарлама тонер картридждері қашан ауыстырылатынын көрсетеді.
• Компьютер экранына компьютердің Samsung Printing Status бағдарламасының терезесі шығып, қай картридждің тонері төмен екенін ескертеді
(199-беттегі "Состояние принтера Samsung бағдарламасын пайдалану" бөлімін қараңыз).
Құрылғыға тапсырыс беру жəне оны орнатудан бұрын тонер картриджінің жоғарғы жағындағы өнім код
ын тексеріңіз (269-беттегі "Қол жетімді
тұтыну материалдары" бөлімін қараңыз).
• Тонер картриджін жақсылап шайқаңыз, бұл бастапқы басып шығару сапасын арттырады.
• Бұл пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер құрылғының үлгісіне немесе орнатылған опцияларға байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Құрылғының түрін тексеріңіз (22-беттегі "Алдыңғы көрінісі" бөлімін қараңыз).
• Тонер картриджінің зақымдалуын болдырмау үшін оған бес минуттан артық жарық түсірмеңіз. Қажет болса, оны қағазбен жабыңыз.
• Тонер картриджінің жасыл бөлігіне тимеңіз. Бұл аумаққа тимеу үшін картридж тұтқасын пайдаланыңыз.
• Тонер картриджінің орамасын ашу үшін пышақ немесе қайшы сияқты өткір заттарды қолданбаңыз. Олар картридждің барабанына сызат түсіруі
мүмкін.
• Егер тонер киімге тисе, оны құрғақ ш
үберекпен сүртіңіз жəне киімді суық сумен жуыңыз. Ыстық су тонерді матаға сіңдіреді.