Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide
USB дискісін пайдалану
279
10. Шығын материалдары жəне қосалқы бөлшектер
USB дискісін төмендегі кескінде көрсетілген порттардан басқа
порттарға енгізбеңіз. USB дискісін басқа порттарға енгізсеңіз,
дисплей экранында құрылғы ескерту хабарын көрсетеді.
•USB дискісі пайдалануда болғанда оны шығармаңыз.
Құрылғының кепілдігі пайдаланушының дұрыс қолданбауынан
болған зақымдарды қамтымайды.
• Егер USB дискіңіздің қауіпсіздік жəне құпия сөз параметрлері
сияқты қызметтері болса, құрылғыңыз оны автоматты түрде
анықтамауы мүмкін. Осы функциялар туралы толық мəлімет алу
үшін, USB дискісінің Пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
6
USB дискісінен басып шығару
USB дискісінде сақталған файлдарды тікелей басып шығара аласыз.
TIFF, JPEG жəне PRN файлдарын басып шығаруға болады.
USB басып шығару функциясы келесі файлдар түрлерін қолдайды:
• PRN: Тек құрылғыңызбен берілген драйвер жасаған файлдар ғана
үйлесімді. PRN файлдарын құжатты басып шығарғанда Печать в
файл құсбелгісін қою арқылы жасауға болады. Құжат қағазда
басып шығарылған емес ,ал PRN файлы ретінде сақталады.
Осылай жасалған PRN файлдарын ғана тікелей USB дискісінен
басып шығаруға болады (99-беттегі "Құжатқа басып шығару (PRN)"
бөлімін қараңыз).
• TIFF: TIFF 6.0 негіздік жолағы
• JPEG: JPEG негіздік жолағы
• PDF: PDF 1,7 жəне одан жоғары
8 биттік CMYK JPEG файлдары болған жағдайда, тапсырма
болдырылмауы мүмкін.
Құжатты USB дискісінен басып шығару үшін: