Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide
USB дискісін пайдалану
280
10. Шығын материалдары жəне қосалқы бөлшектер
1
Құрылғыңыздың USB портына USB дискісін енгізіңіз.
Құрылғыңыз жад құрылғыларын автоматты түрде анықтайды
жəне сол жерде сақталған деректерді оқиды (278-беттегі "USB
дискісі туралы" бөлімін қараңыз).
• Құрылғы пішімделмеген USB дискісін анықтай алмайды.
Пішімдеңіз, содан кейін құрылғыңыздың USB портына USB
дискісін қайта енгізіңіз.
• Құрылғы қуатты үнемдеу режимінде болғанда USB дискіңізді
анықтай алмаса. Құрылғыңызды оятып, дайын күйге
оралмағанша күтіңіз. Осыдан кейін USB дискісін құрылғыңыздың
алдыңғы жағында орналасқан USB портына қайта енгізіңіз.
2
Бастапқы экранда Папка > USB тармағын немесе Прилож.
басыңыз.
3
Құрылғы USB дискісіндегі барлық файлдарды көрсетеді.
Тізімнен басып шығару қажет қалтаны немесе құжатты түртіңіз
жəне ұстап тұрыңыз.
Егер сіз таңдаған PDF файлы құпия сөзбен қорғалса, басып
шығару үшін құпия сөзді білуіңіз қажет. Құрылғы қауіпсіз құпия сөзді
талап еткен кезде құпия сөзді енгізіңіз. Құпия сөзді білмесеңіз,
басып шығару тапсырмасы болдырылмайды.
4
> Пар. печати пəрменін басыңыз.
5
Тиісті параметрді таңдаңыз.
• Копии: Көшірмелердің санын таңдайды.
• Источ. бум.: Қай науадағы қағаз пайдаланылатынын
таңдаңыз.
• По размеру страницы: Құжат өлшеміне қарамастан, басып
шығару тапсырмасын науадағы таңдалған қағаз өлшеміне
сəйкес масштабтауға мүмкіндік береді. Науаны таңдап, Вкл.
түймесін басыңыз.
6
Басып шығаруды бастау үшін белгішесін басыңыз.
7
Басып шығару аяқталғаннан кейін құрылғыңыздан USB дискісін
алуға болады.