Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide
Нормативтік ақпарат
299
11. Қосымша
24
Факспен жіберілетін хабарлардың белгіленуі
1991 жылы қабылданған Телефон желісінің абоненттерін қорғау
актісіне сəйкес факс хабарларын компьютер немесе басқа
электрондық құрылғылар арқылы жіберу, əр жіберілетін беттің жоғарғы
немесе төменгі жағында немесе бірінші бетінде келесі мəліметтері
болмаса, заңсыз əрекет болып саналады:
1 жіберу күні мен уақыты
2 жіберуші кəсібінің түрі, мекеменің аты немесе жеке тұлғаның есімі;
жəне
3 жіберілген аппараттың, мекеменің немесе адамның телефон
нөмірі.
Телефон компаниясы қалыпты жұмыс істеу үшін қажет болса жəне
FCC ережесінің 68-тарауындағы шарттар мен талаптарға қарсы
келмесе, байланыс құралдарына жəне жабдықтың жұмыс істеу
режиміне өзгерістер енгізуі мүмкін. Егер осындай өзгертулер
пайдаланушы жабдығының телефон компаниясының байланыс
құралдарымен сəйкес келмеуіне əкелетін, жабдығын жетілдіруді талап
ететін немесе басқалай пайдаланушы жұмысына əсер ететін болса,
пайдаланушы жұмысында үзіліс болдырмау үшін, жазбаша ескертілуі
керек
25
Қоңыраудың эквиваленттік саны
Осы жабдықтың қоңырау эквиваленттік санын жəне FCC тіркеу нөмірін
жабдықтың төменгі немесе артқы жағындағы жапсырмадан табуға
болады. Кейбір жағдайларда осы нөмірлерді телефон компаниясына
беру керек болуы мүмкін.
Қоңырау сигналының эквиваленттік саны (REN) телефон желісінің
жүктелу мүмкіндігін анықтайды жəне желінің "шамадан тыс жүктелуін"
болдырмауға көмектеседі. Бір телефон желісінде жабдықтың бірнеше
түрін орнату, əсіресе телефон желісі бос емес болмаса, телефон
қоңырауларын жасау немесе қабылдау ақаулықтарын туғызуы мүмкін.
Телефон компаниясы ұсынатын қызметтің сапасы жақсы болу үшін, бір
желіге орнатылған жабдықтың қоңырау сигналының эквиваленттік
саны бестен аз болуы керек. Кейбір жағдайларда, эквиваленттік сан
беске тең болса, желі дұрыс істемеуі мүмкін. Егер телефон
жабдығының кез келген бөлігі дұрыс істемесе, оны дереу телефон
желісінен ажырату керек. Əйтпесе, желі зақымдалуы мүмкін.
Бұл жабдық ACTA (Контрафакцияға қарсы сауда келісімі) қабылдаған
FCC ережесінің 68-тарауындағы шарттар мен талаптарға сəйкес
келеді. Жабдықтың артқы жағындағы жапсырмада басқа ақпаратпен
қоса, «US:AAAEQ##TXXXX» пішімінде өнім идентификаторы
жазылған. Сұралған жағдайда, осы нөмірді телефон компаниясына
беру керек.