Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide

Нормативтік ақпарат
300
11. Қосымша
FCC ережелері бойынша жабдыққа өндіруші мақұлдамаған
өзгертулер мен жетілдірулер жасау, пайдаланушыны жабдықты
қолдану құқынан айыруы мүмкін. Егер терминалды жабдық
телефон желісін зақымдаса, телефон компаниясы тұтынушыны
қызметтің үзілу мүмкіндігі жөнінде ескертуі керек. Дегенмен, алдын
ала хабарландыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, компания
байланысты ажыратуына болады. Бірақ төмендегі шарттарды
орындауы керек:
a Тұтынушыны бірден ескерту.
b Тұтынушыға жабдықтың а
қаулықтарын жоюға мүмкіндік беру.
c Тұтынушының FCC ережелері жəне талаптарының 68-тарауы,
«Е» параграфындағы процедураларға сəйкес Байланыс
құрылғылары бойынша федералды комиссияға шағым жасау
құқы бар екенін айту.
Сондай-ақ, мынаны білу керек:
Бұл жабдық сандық PBX жүйесімен пайдалануға арнап
жасалмаған.
Жабдығыңызбен бір желіде компьютер немесе факс модемін
пайдалансаңыз, бүкіл жабдықта жіберу жəне қабылдау
ақаулықтары пайда болуы мүмкін. Жабдығыңызбен бір желіде
қалыпты телефоннан басқа құрылғылар болмағаны жөн.
Егер орналасқан аймағыңызда найзағай соғу немесе кернеудің
кенет ауысу қаупі жоғары болса, ток жəне телефон желісіне
кернеудің ауысып тұруынан қорғау құралын орнатуды ұсынамыз.
Кернеудің ауысып тұруынан қорғау құралын өзіңіздің дилеріңізден
немесе телефон немесе электрондық жабдықтар сатылатын
дүкеннен табуға болады.
Егер төтенше жағдайларда қоңырау шалу нөмірлерін енгізіп,
оларға сынақ қоңырауын жасап көретін болсаңыз, қалыпты нөмір
арқылы сəйкес қызметті ескертуді ұмытпаңыз. Сол қызмет
диспетчері сынақ қоңырауын жасау нұсқауларын береді.
Бұл жабдықты таксафон қызметінде немесе қауымдық пайдалану
желілерінде қолдануға болмайды.
Бұл жабдық есту құралдарын индуктивті қатынаспен қамтамасыз
етеді.
Осы жабдықты телефонның желісіне USOC RJ-11C қалыпты модульді
ұясы арқылы қосуға болады.