Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide
Нормативтік ақпарат
301
11. Қосымша
26
Жалғанған ашаны ауыстыру (тек Біріккен
Корольдік үшін)
Маңызды
Бұл құрылғының қуат сымы стандартты (BS 1363) 13 амперлік ашамен
жабдықталған жəне 13 ампер сақтандырғышы бар. Сақтандырғышты
ауыстырғанда немесе тексергенде дұрыс 13 амперлік
сақтандырғышты қайта қою керек. Содан кейін сақтандырғыш қақпағын
қайта қою керек. Сақтандырғыш қақпағын жоғалтсаңыз, басқа
сақтандырғыш қақпағын алғанша ашаны пайдаланбаңыз.
Құрылғыны сатқан адамдарға хабарласыңыз.
13 амперлік аша Біріккен Корольдікте ең кең пайдаланылады жəне
тура келуі керек. Алайда, кейбір ғимараттарда (көбінесе ескілерінде)
қалыпты 13 ампер ашалар жоқ. Сəйкес аша адаптерін сатып алу керек.
Құйылған ашаны алып тастамаңыз.
Құйылған ашаны кесіп алсаңыз, оны бірден тастаңыз. Ашаны
сымға қайта қоса алмайсыз жəне оны розеткаға қоссаңыз, электр
тогы соғуы мүмкін.
Маңызды ескерту:
Негізгі сымдағы сымдар ашада белгіленген түстерге сəйкес болмаса,
төмендегіні орындаңыз:
Жасыл жəне сары сымды «Е» əрпімен немесе қауіпсіздік «Жер
нышанымен» белгіленген немесе жасыл жəне сары немесе жасыл
істікке қосу керек.
Көк сымды «N» əрпімен белгіленген немесе қара түсті істікке қосу
керек.
Қоңыр сымды «L» əрпімен белгіленген немесе қызыл түсті істікке қосу
керек.
Ашада, адаптерде немесе бөлік таратқыш қалқанда 13 амперлік
сақтандырғыш болуы керек.
Бұл құрылғыны жерге тұйықтауыңыз қажет.
Қуат сымындағы сымдардың келесідей түс коды бар:
• Жасыл жəне сары: Жер
• Көк: Бейтарап
• Қоңыр: Кернеу астында