Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide
314
1. Осы əкімші нұсқаулығы туралы
Əкімшілерге арналған қауіпсіздік ережелері
Құрылғыны қауіпсіз басқару мақсатында əкімшілер келесі ережелерді
сақтауы қажет:
• Əкімші құрылғыны физикалық контакт немесе модуляциядан
қорғалатын қауіпсіз жерге қоюы тиіс,
• Əкімші қауіпсіздік ережелерін толықтай білуі қажет жəне
құрылғыны басқаруда соларды орындауы қажет.
• Əкімші қауіпсіздік ережелеріне жəне процедураларына сəйкес
пайдаланушыларға құрылғыны пайдалану құқығын беруі тиіс.
• Əкімші өз өкілеттігін құрылғыны зұлым ниетп
ен пайдалануға
қолданбауы тиіс.
• Əкімші құрылғыны сенімді желіге қолдау көрсетілетін ортада
басқаруы тиіс.
• Əкімші сертификация сервері арқылы сертификаттау қызметі
қауіпсіз канал арқылы жүргізіліп, қауіпсіз басқарылатындығына
кепілдік беруі тиіс.
• Əкімші дұрыс жүйе журналын сақтау үшін, уақыт белгісі
мүмкіндігімен қамтамасыз етуі тиіс.
• Əкімші SSL арқылы қауіпсіз желі арнасымен қамтамасыз етуі тиіс.
• Əкімші Экспорттау мүмкіндігі арқылы қауіпсіз орынға экспортталған
жəне қорғалған жүйе журналының файлдарын сақтауы тиіс.
• Əкімші машинаның қандай да бір рұқсат етілмеген сыртқы
интерфейстермен байланысының алдын алуы қажет.