Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide

348
3. Настройка сети
Желі параметрлері (TCP/IP теңшеу)
Құрылғыны желіге қосқан кезде, алдымен құрылғының TCP/IP
параметрлерін теңшеу қажет. Төменде көрсетілген параметрлер -
құрылғыны желілік құрылғы ретінде пайдалану үшін қажетті негізгі
параметрлер. TCP/IP, DNS сервері, TCP/IPv6, Ethernet жəне IP
мекенжайы тағайындау əдістерін орнатуға болады.
1
Ethernet
Ethernet параметрлерін орнатуға болады.
Бастапқы экрандағы Настройки > Настройки сети > Ethernet
тармағын немесе Прилож. параметрін басыңыз.
Бұл функцияны SyncThru™ Web Service арқылы да пайдалануға
болады. Желіге қосылған компьютерде Веб шолғышты ашып,
құрылғыңыздың IP мекенжайын енгізіңіз (185-беттегі "Настройки
қойындысы" бөлімін қараңыз).
Порт Ethernet: Ethernet портын қосуға/өшіруге болады.
Скорость сети Ethernet: Ethernet желісінің жылдамдық режимін
таңдаңыз.
MAC-адрес: Құрылғының МАС мекенжайын көрсетеді.
2
TCP/IP протоколы
IPv4 параметрлерін орнатуға болады.
Бастапқы экрандағы Настройки > Настройки сети > Ethernet > TCP/
IPv4 тармағын басыңыз немесе Прилож. параметрін басыңыз.
Бұл функцияны SyncThru™ Web Service арқылы да пайдалануға
болады. Желіге қосылған компьютерде Веб шолғышты ашып,
құрылғыңыздың IP мекенжайын енгізіңіз (185-беттегі "Настройки
қойындысы" бөлімін қараңыз).
IP Setting
IP мекенжайларын тағайындау əдісін таңдауға болады.
Статич.: IP мекенжайын/Ішкі желі бетпердесін/ Шлюз мекенжайын
қолмен енгізу үшін таңдаңыз.
BOOTP: IP мекенжайы/Ішкі желі бетпердесі/ Шлюз мекенжайы
BOOTP сервері арқылы автоматты түрде тағайындалады.
DHCP: IP мекенжайы/Ішкі желі бетпердесі/ Шлюз мекенжайы DHCP
сервері арқылы автоматты түрде тағайындалады.