Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide

365
3. Настройка сети
Сымсыз желіні орнату (қосымша)
Құрылғыға сымсыз желі мүмкіндігін қосқыңыз келсе, опция
тізімдерін тексеріңіз жəне тапсырыс беру үшін сатып алу
орталығына хабарласыңыз (270-беттегі "Қол жетімді керек-
жарақтар" қараңыз). Сымсыз/NFC жинағын (сымсыз жергілікті
желі опциясы) сатып алған кезде жинақта (сымсыз жергілікті
желі опциясы) берілген сымсыз жинақ нұсқаулығында
сипатталған келесі қадамдар арқылы жинақты орнатыңыз.
Сымсыз жинақты (сымсыз жергілікті желі оп
циясы) орнатқан соң
осы мүмкіндікті пайдалану үшін құрылғыны орнатыңыз.
Құрылғының сымсыз желіні қолдайтынын тексеріңіз. Модельге
байланысты сымсыз желі қолжетімді емес болуы мүмкін (8-
беттегі "Үлгілер бойынша функциялар" қараңыз).
Сымсыз желілер жоғары деңгейдегі қауіпсіздікті қажет етеді,
сондықтан қатынас орнын бірінші рет орнатқанда желі үшін желі атауы
(SSID), пайдаланылатын қауіпсіздік түрі жəне желі құпия сөзі
жасалады. Құрылғыны орнатуға кіріспестен бұрын желі əкімшісінен
осы ақпарат туралы сұраңыз.
9
Сымсыз орнату əдістерімен таныстыру
Сымсыз желі параметрлерін құрылғыдан немесе компьютерден
орнатуға болады. Төмендегі кестеден орнату əдісін таңдаңыз.
Модельге немесе мемлекетке байланысты кейбір сымсыз желіні
орнату түрлері қолжетімді болмауы мүмкін.
Қатынас орындарына құпия сөз орнату ұсынылады. Егер
қатынас орындарына құпия сөз орнатпасаңыз, олар
компьютерлер, смартфондар жəне принтерлерді қоса белгісіз
құрылғылармен рұқсатсыз байланысуы мүмкін. Құпия сөз
параметрлерін қатынас орнының пайдаланушы нұсқаулығынан
қараңыз.
Орнату əдісі Қосылу əдісі Сипаттама жəне анықтама
Қатынас
орнымен
Компьютерден 368-беттегі "Желілік кабельді
пайдалану" қараңыз.
Құрылғының
басқару
панелінен
366-беттегі "WPS параметрлері
мəзірін пайдалану" қараңыз.
368-беттегі "Сети Wi-Fi
функциясын пайдалану" қараңыз.
Wi-Fi Direct орнату
370-беттегі "Wi-Fi Direct
протоколын мобильді басып
шығару үшін орнату" қараңыз.