Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide

Сымсыз желіні орнату (қосымша)
366
3. Настройка сети
10
WPS параметрлері мəзірін пайдалану
Құрылғы жəне қатынас орны Wi-Fi Protected Setup™ (WPS)
протоколын қолдаса, онда сымсыз желі параметрлерін WPS Settings
мəзірі арқылы компьютер көмегінсіз оңай теңшеуге болады.
Егер сымсыз желіні инфрақұрылым режимі арқылы
пайдаланғыңыз келсе, желілік кабель құрылғыдан
ажыратылғанын тексеріңіз. Қатынас орнына (немесе сымсыз
маршрутизаторға) қосылу үшін WPS (PBC) түймесін
пайдаланғанда немесе компьютерден PIN кодты енгізгенде
пайдаланып жатқан қатынас орнына (немесе сымсыз
маршрутизаторға) байланысты əртүрлі болады. Пайдаланып
жатқан қатынас орнының (немесе сымсыз маршрутизатордың)
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Сымсыз желіні орнату үш
ін WPS түймесін пайдаланған кезде
қауіпсіздік параметрлері өзгеруі мүмкін. Оны болдырмау үшін
ағымдағы сымсыз желінің қауіпсіздік параметрлері үшін WPS
опциясын құлыптаңыз. Параметр атауы пайдаланылып жатқан
қатынасу орнына (немесе сымсыз маршрутизаторға)
байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Дайындау керек элементтер
Қатынас орнының (немесе сымсыз маршрутизатордың) Wi-Fi
Protected Setup™ (WPS) протоколын қолдайтынын тексеріңіз.
Құрылғы Wi-Fi Protected Setup™ (WPS) протоколын қолдайтынын
тексеріңіз.
Желіге қосылған компьютер (тек PIN код режимі).
Түрді таңдау
Құрылғыны сымсыз желіге қосу үшін екі қолжетімді əдіс бар.
Push Button Configuration (PBC) əдісі құрылғының басқару
панеліндегі WPS Settings мəзірін жəне Wi-Fi Protected Setup™
WPS-қосылған қатынасу орнындағы (немесе сымсыз
маршрутизатор) WPS (PBC) түймесін бірге басу арқылы
құрылғыны сымсыз желіге сəйкесінше қосуға мүмкіндік береді.
Personal Identification Number (PIN) əдісі құрылғыны сымсыз
желіге Wi-Fi Protected Setup™ WPS-қосылған қатынасу орнында
(немесе сымсыз маршрутизаторда) берілген PIN ақпаратын енгізу
арқылы қосуға мүмкіндік береді.