Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide
385
3. Настройка сети
Қолдау көрсетілетін мобильді бағдарламалар
21
Қолжетімді бағдарламалар
• Samsung Mobile Print: Samsung Mobile Print пайдаланушыларға
фотосуреттерді, құжаттарды жəне веб-беттерді тікелей смартфон
немесе планшеттен басып шығару, сканерлеу (сканерлеуді
қолдайтын құрылғысы бар пайдаланушылар ғана) немесе факс
(сканерлеуді қолдайтын құрылғысы бар пайдаланушылар ғана)
арқылы алмасуға мүмкіндік беретін тегін бағдарлама. Samsung
Mobile Print тек Android жəне iOS смартфондарымен ғана емес,
сонымен қатар iPod Touch жəне қалта компьютерімен үйлесімді. Ол
ұялы құрылғыны желіге қосылған Samsung принтеріне немесе
сымсыз принтерге Wi-Fi қатынасу орны арқылы қосады. Жаңа
драйверді орнату немесе желілік параметрлерді теңшеу қажет
емес – жай ғана Samsung Mobile Print бағдарламасын орнатыңыз
да, ол үйлесімді Samsung принтерлерін автоматты түрде
анықтайды. Фотосуреттерді, веб-беттерді жəне PDF файлдарын
басып шығару мүмкіндігіне қоса, сканерлеу де қолданады. Сізде
Samsung көп функциясы болса, кез келген құжатты ұялы
құрылғыңызда жылдам жəне оңай көру үшін JPG, PDF немесе PNG
пішіміне сканерлеңіз (381-беттегі "Samsung Mobile Print
бағдарламасын пайдалану" қараңыз).
• Samsung Mobile Print Pro: Пайдаланушыларға аутентификацияға
оңай қол жеткізуге көмектеседі. Бұл бағдарлама ұялы құрылғы
көмегімен пайдаланушы аутентификациясын алу үшін бір əдіспен
қамтамасыз етеді (375-беттегі "Samsung Mobile Print Pro
бағдарламасын пайдалану" қараңыз).
• Samusng Mobile Print Manager: Пайдаланушыларға ұялы құрылғы
көмегімен клондау жəне сымсыз орнату мүмкіндіктерін
пайдалануға мүмкіндік береді (377-беттегі "Samsung Mobile Print
Manager бағдарламасын пайдалану" қараңыз).
22
Бағдарламаларды жүктеу
Бағдарламаларды жүктеу үшін, ұялы құрылғыдағы бағдарлама
дүкеніне өтіп, “Samsung Mobile Print /Samsung Mobile Print Pro/
Samusng Mobile Print Manager” бағдарламасын іздеңіз. Сондай-ақ,
компьютеріңіздегі Apple құрылғылары үшін iTunes бағдарламасына
кіруіңізге болады.
• Samsung Mobile Print
-Android: Play Store дүкенінен Samsung Mobile Print іздеп, содан
кейін бағдарламаны жүктеңіз.
-iOS: App Store дүкенінен Samsung Mobile Print іздеп, содан кейін
бағдарламаны жүктеңіз.
• Samsung Mobile Print Pro/Samusng Mobile Print Manager
-Android: Play Store дүкенінен Samsung Mobile Print Pro немесе
Samusng Mobile Print Manager іздеп, содан кейін
бағдарламаны жүктеңіз.