Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide

399
4. Қызмет көрсету
Машинаны тазалау
Егер басып шығару сапасы мəселелері орын алса немесе құрылғыны шаң ортада пайдалансаңыз, ең жақсы басып шығару сапасын сақтау жəне
құрылғыны ұзағырақ пайдалану үшін құрылғыны тұрақты түрде тазалау керек.
Машинаның корпусын алкогольдің, еріткіштердің немесе басқа күшті заттардың көп мөлшері бар заттармен тазалау корпустың түсін кетіруі
немесе зақымдауы мүмкін.
Егер машина немесе оның айналасы тонермен ластанса, оны тазалау үшін суға малынған матаны пайдалану ұсынылады. Шаңсорғышты
пайдаланғанда, тоенр ауаға ұшады. Бұл денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін.
8
Сыртқы бөлігін тазалау
Құрылғы корпусын жұмсақ, түксіз матамен тазалаңыз. Матаны мұқият сулаңыз, бірақ құрылғы сыртына немесе ішіне судың кіріп кетуінен сақ
болыңыз.