Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide
Машинаны тазалау
400
4. Қызмет көрсету
9
Ішкі бөлігін тазалау
Басып шығару барысында, қағаз, тонер жəне шаң түйіршіктері құрылғының ішіне жиналуы мүмкін. Осы жиналған қоқыс баспа сапасын төмендетуі
мүмкін (мысалы, тонер дақтарының жəне жағындыларының пайда болуы). Құрылғының ішін тазалау осы ақауларды тазалайды жəне азайтады.
• Тонер картриджінің зақымдалуын болдырмау үшін оған бес минуттан артық жарық түсірмеңіз. Қажет болса, оны қағазбен жабыңыз.
• Тонер картриджінің жасыл бөлігіне тимеңіз. Бұл аумаққа тимеу үшін картридж тұтқасын пайдаланыңыз.
• Құрылғының ішін тазалағанда құрғақ, түксіз шүберекті пайдаланыңыз. Тасымалдау ролигін немесе басқа ішкі бөліктерді зақымдап алмаңыз.
Бензин немесе араластырғыш сияқты еріткіштерді пайдаланбаңыз. Басып шыға
ру сапасының ақауы пайда болып, құрылғыға зиян келтіруі
мүмкін.
• Құрылғыны тазалау үшін мамықсыз матаны пайдаланыңыз.
• Құрылғыны өшіріңіз де, қуат сымын ажыратыңыз. Құрылғы суығанша күтіңіз. Егер құрылғыда қуат қосқышы бар болса, құрылғыны тазалау
алдында қуат қосқышын өшіріңіз.
• Пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер параметрлеріне немесе моделіне байланысты сіздің құрылғыңыздағыдан басқаша болуы мүмкін.
Құрылғының түрін тексеріңіз (22-беттегі "Алдыңғы көрінісі" бөлімін қараңыз).