Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide
405
4. Қызмет көрсету
Құрылғыны, қосалқы материалдарды жəне қағазды сақтау бойынша кеңестер
• Оларды ылғалсыз, суық жерде сақтаңыз.
• Оларды жабық күйде сақтаңыз, себебі шаң жиналып қалуы
ықтимал.
• Оларға су тигізбеңіз,
12
Құрылғы
• Құрылғыны жылжыту кезінде қисайтпаңыз немесе аудармаңыз.
Əйтпесе құрылғының іші ластанып, бұл құрылғыға зиян келтіруі
немесе басып шығару сапасын төмендетуі мүмкін.
• Құрылғыны тасымалдағанда, кемінде екі адам оны мықты ұстауы
керек.
13
Тонер картриджі/ Көшірме картриджі
Тонер картриджінде ең жақсы басып шығару сапасына қол жеткізу
үшін, келесі нұсқаулықты ескеріңіз:
• Тонер картриджі пайдалануға дайын болмағанша, оны
қаптамасынан алмаңыз.
• Тонер картриджін қайта толтырмаңыз. Құрылғының кепілдігі қайта
толтырылған картриджді пайдалану салдарынан болған зақымды
қамтымайды.
• Тонер картридждерін құрылғымен бірдей ортада сақтаңыз.
• Тонер ұнтағы бір жаққа қисаймайтындай етіп тонер картриджін
тұр
ақты жерде сақтаңыз.
14
Қағаз
• Пайдалану үшін дайын болмағанша басып шығару материалын
сыртқы қағаз қаптамасында сақтаңыз.
• Картондарды еденге емес, түпқоймаларға немесе сөрелерге
қойыңыз.
• Қағаз қапталған немесе қапталмаған жағдайда да оның үстіне ауыр
заттарды қоймаңыз.
• Оның бүгіліп немесе оралуына əкелуі ықтимал ылғалды не басқа
жағдайлардан алшақ ұстаңыз.
• Оны 15°C ~30°C аралығындағы температурада жəне 10% ~ 70%
аралығындағы ылғалдылықта ұстаңыз.