Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide
Түпнұсқаларды жүктеу
53
2. Баспа құралы жəне науа
• Сканердің əйнегін сындырып алмаңыз. Кесіп кетуі мүмкін.
•DSDF құрылғысын жабу барысында сканер əйнегіне
қолдарыңызды қоймаңыз. DSDF құрылғысы қолыңызға құлап,
жарақат алуға əкелуі ықтимал.
• Көшіру немесе сканерлеу кезінде сканердің ішіндегі жарыққа
қарамаңыз. Ол көзге зиян болып табылады.
2
Қос сканерлеу құжатты беру құрылғысының
ішінде (DSDF)
Түпнұсқаларды дайындау
• 105 x 148 мм-ден (4,13 x 5,8 дюйм) кіші немесе 216 x 356 мм-ден
(8,5 x 14 дюйм) үлкен қағазды салмаңыз.
• Қағаздың кептеліп қалуына, баспа сапасының төмен болуына жəне
құрылғының зақымдалуына жол бермеу үшін төмендегі қағаз
түрлерін салмаңыз.
- Көшіргіш қағаз немесе көшірме жасайтын қағаз
- Борлы қағаз
- Жұқа жылтыр қағаз немесе жұқа қағаз
- Қыртыстары бар немесе мыжылған қағаз
- Иілген немесе оралған қағаз
- Жыртылған қағаз
• Салмас бұрын, барлық қапсырмалар мен қыстырғыштарды алып
тастаңыз.
• Салмастан бұрын, желім, сия немесе түзеткіш сұйықтық
толығымен кепкеніне көз жеткізіңіз.
• Өлшемі немесе салмағы əртүрлі қағазды қамтитын түпнұсқалы
құжаттарды салмаңыз.
• Кітапшаларды, үндеухаттарды, слайдтарды немесе сипаттары
əдеттен тыс құжаттарды салмаңыз.
Құжат бергіштің көмегімен бір тапсырмада 50 парақ (75 г/м
2
, 20 фунт
жоғары сапалы қағаз) салуға болады.
1
Түпнұсқаларды салмастан бұрын, қағаз бумасының жиегін
майыстырып немесе үрлеп, беттерді бір-бірінен айырыңыз.