Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide

55
2. Баспа құралы жəне науа
Баспа құралын таңдау
Қағаз, конверттер, жапсырмалар немесе слайдттар сияқты əр түрлі
баспа құралдарын басып шығаруыңызға болады. Əрқашан
құрылғымен бірге пайдалануға арналған нұсқаулыққа сəйкес келетін
басып шығару материалын пайдаланыңыз.
3
Баспа материалдарын таңдауға арналған
нұсқаулық
Пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сəйкес келмейтін баспа
құралдар мына ақауларға алып келеді:
Баспа сапасының нашар болуы
Парақтың көп кептелуі
Құрылғының мерзімінен бұрын істен шығуы.
Салмақ, құрамы, бұдырлығы жəне ылғалдылық сияқты факторлар
құрылғының жұмысына жəне басып шығарылатын беттің сапасына
əсер етеді. Баспа материалдарын таңдаған кезде мыналарды
ескеріңіз:
Құрылғыға салынатын баспа материалдарының түрі, өлшемі жəне
салмағы баспа материалдарының техникалық сипаттамасында
берілген (285-беттегі "Баспа құралының сипаттамалары" бөлімін
қараңыз).
Ойдағыдай шығу: Таңдайтын баспа материалы жобаңызға сəйкес
болады.
Жарықтық: Кейбір баспа материалдары басқаларға қарағанда
ақшылдау жəне анық, шынайы суреттер шығарады.
Бет тегістігі: Баспа құралының тегістігі қағаздағы бұдырлықтың
көруіне əсер етеді.
Кейбір баспа құралдары осы пайдаланушы нұсқаулығына
сəйкес келеді, бірақ ойдағыдай нəтиже бермейді. Бұл қағаз
сипаттарының, дұрыс пайдаланбаудың, қолайсыз
температураның немесе ылғалдылық деңгейлерінің
нəтижесінен болуы мүмкін.
Көп көлемдегі баспа құралдарын сатып алмастан бұрын, оның
пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген шығыс талаптарға
сəйкес келетінін тексеріңіз.
Осы сипаттамаларға сəйкес келмейтін баспа материалдарын
пайдалану ақаулар тудыруы не жөндеуді қажет етуі мүмкін.
Мұндай жөндеу жұмыстары Samsung кепілдігінде немесе
қызмет көрсету жөніндегі келісімшарттарында қамтылмайды.
Науаға салынатын қағаз көлемі пайдаланылатын баспа
құралының түріне байланысты əртүрлі болады (285-беттегі
"Баспа құралының сипаттамалары" бөлімін қараңыз).
Сиялы фотоқағазды осы құрылғымен пайдаланбаңыз. Бұл
құрылғыны зақымдауы мүм
кін.
Өртенгіш баспа құралын пайдалану өрт тудыруы мүмкін.
Белгіленген баспа құралын пайдаланыңыз (285-беттегі "Баспа
құралының сипаттамалары" бөлімін қараңыз).