Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide
Негізгі артықшылықтар
Қоршаған орта үшін залалы жоқ
• Тонер мен қағазды үнемдеу үшін бұл құрылғы Eco мүмкіндігін
қолдайды .
• Қағазды үнемдеу үшін бір қағаз парағында бірнеше бетті басып
шығаруға болады .
• Қағазды үнемдеу үшін қағаздың екі бетінде де басып шығаруға
болады .
• Электр қуатын үнемдеу үшін бұл машина пайдаланылып жатпаған
кезде қуатты тұтынуды айтарлықтай азайтып, электр қуатын
автоматты түрде үнемдейді.
• Энергияны сақт
ау үшін қалдықтардан жасалған қағазды
пайдалануды ұсынамыз.
Тез жоғары ажыратымдылықпен басып
шығару
• 1200 x 1200 нүкте/дюйм (1200 x 600 x 2 бит) өнімділігіне дейінгі
ажыратымдылықпен басып шығара аласыз.
• Жылдам, сұрау бойынша басып шығару.
Бір жақты басып шығару үшін 45 ppm (A4) немесе 47 ppm (Letter)
дейін.
Ыңғайлылық
• Google Cloud Print ™ рұқсат етілген бағдарламаны қолданып
смартфоннан немесе компьютерден басып шығара аласыз.
• Easy Capture Manager бағдарламасы пернетақтадағы Print Screen
пернесін пайдаланып түсірген кез келген нəрсені оңай өңдеуге
жəне басып шығаруға мүмкіндік береді.
• Samsung Easy Printer Manager жəне Состояние принтера дегеніміз
құрылғының күйін бақылап, хабарлайтын жəне құрылғының
параметрлерін бейімдеуге мүмкіндік беретін бағдарлама .