Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide

Науаға қағаз салу
61
2. Баспа құралы жəне науа
5
Көп мақсатты науа
Көп мақсатты науаға ашық хаттар, жазбалар кəртішкелері жəне
хатқалталар сияқты арнайы өлшемдері жəне түрлері бар басып
шығару материалын салуға болады.
Көп мақсатты науаны пайдалану бойынша
кеңестер
Көп мақсатты науаға бір уақытта тек бір түрдегі, өлшемдегі,
салмақтағы баспа материалын жүктеңіз.
Қағаз кептелістерін болдырмау үшін қағазды басып шығарғанда,
көп мақсатты науада əлі қағаз болғанда қоспаңыз. Бұл - баспа
құралының басқа түрлеріне де қолданылады.
Баспа материалын көп мақсатты науаға алдымен жоғарғы шетімен
төмен қаратып салу жəне науаның ортасына қою керек.
Қағаздардың кептелуі мен баспа сапасы мəселелерін болдырмау
үшін əрқашан тек көрсетілген баспа материалын салыңыз (285-
беттегі "Баспа құралының сипаттамалары" бөлімін қараңыз).
Көп мақсатты науаға салу алдында барлық оралған ашық
хаттарды, хатқалталарды жəне жапсырмаларды тегістеңіз.
1
Көп мақсатты науаны ашыңыз жəне қажет болса, кеңейтімді
ашыңыз.
2
Түпнұсқаларды салмастан бұрын, қағаз бумасының жиегін
майыстырып немесе үрлеп, беттерді бір-бірінен айырыңыз.