Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide

Арнайы баспа құралын басып шығару
66
2. Баспа құралы жəне науа
- Оралу: Басып шығарылмастан бұрын жапсырмалар кез келген
бағытта 13 мм-ден (0,5 дюйм) артық бүгілместен тегіс жерге
қоюылуы керек.
- Күйі: Қыртыстары, ауасы бар немесе ажыраудың басқа
белгілері бар жапсырмаларды пайдаланбаңыз.
Жапсырмалардың арасында жабысқыш материалдардың жоқ
екеніне көз жеткізіңіз. Желім тиген жерлердің əсерінен басып
шығару кезінде жапсырмалар алынып қалады жəне соның
салдарынан парақ кептел
еді. Желімнің жағылуы құрылғы
бөлшектерінің зақымдалуына алып келеді.
Жапсырмаларды құрылғыдан бірнеше рет өткізбеңіз. Жабысқыш
қабат құрылғыдан бір рет қана өту үшін жасалған.
Жабысқыш қабаттан ажырап тұрған немесе қыртысталған, ауа
кірген немесе бүлінген жапсырмаларды пайдаланбаңыз.
Қағаз берілетін бағытта жұмыс жасайтын жапсырмалар арасында
бос аралық жоқ қағазды жүктемеңіз. Əйтпесе, қағаздың кептелуіне
алып келуі мүмкін.
8
Карта бумасы/Өлшемі белгіленетін қағаз
Ені 98 мм-ден (3,8 дюйм) немесе ұзындығы 148 мм-ден (5,8 дюйм)
кіші баспа материалын пайдаланбаңыз.
Бағдарламалық құралда бет шеттерін материалдың жиектерінен
кем дегенде 6,4 мм (0,25 дюйм) қашықтыққа қойыңыз.