Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide

Басып шығару теңшелімдерін ашу
82
3. Басып шығару
Басып шығару режиміндегі қуатты тұтыну осы құрылғыдағы
орташа басып шығару кезіндегі қуатты тұтынуын көрсетеді.
Нақты үнемделген немесе азайтылған мөлшер
пайдаланылатын амалдық жүйеге, есептеу өнімділігіне,
бағдарламаға, қосылым əдісіне, материал түріне, материал
өлшеміне, тапсырма күрделілігіне, т.б. байланысты басқа болуы
мүмкін.
8
Samsung қойындысы
Драйвердің авторлық құқығы мен нұсқасының нөмірін көрсету үшін
Samsung қойындысын пайдаланыңыз. Егер компьютеріңіз интернетке
жалғанса, қызметтерге қол жеткізуге болады.
9
Режим печати
Осы опция құрылғыдағы HDD арқылы басып шығару файлын басып
шығару жəне сақтау əдісін таңдауға мүмкіндік береді. Əдепкі Режим
печатиСтандарт., ол басып шығарылатын файлды HDD ішінде
сақтаусыз басып шығаруға арналған. Сонымен қатар осы опцияны
басқа қойындыларда пайдалануға болады.
Стандарт.: Бұл режим құжатты қосымша жадта сақтаусыз басып
шығарады.
Для проверки: Бұл режим бірнеше көшірмені басып шығарғанда
пайдалы. Тексеру үшін алдымен бір көшірмені басып шығарып,
қалған көшірмелерді кейінірек басып шығара аласыз.
Секретный: Бұл режим құпия құжаттарды басып шығаруға
арналған. Басып шығару үшін құпия сөзді енгізу керек.
Сохранить: Бұл параметрді құжатты сақтау құрылғысында басып
шығарусыз сақтау үшін таңдаңыз.
Сохранить и напечатать: Бұл режим бір уақытта құжатты басып
шығарғанда жəне сақтағанда пайдаланылады.
Поставить в очередь: Бұл параметр деректердің үлкен
көлемдерін өңдегенде пайдалы. Осы параметрді таңдасаңыз,
принтер құжатты сақтау құрылғысына кезекке қояды, содан кейін
оны сақтау құрылғысының кезегінен басып шығарады. Осылайша
компьютердің жұмыс жүктемесін азайтады.
Расписание печати: Бұл параметрді құжатты көрсетілген уақытта
басып шығару үшін таңдаңыз.