Samsung ProXpress SL-M458x Laser MFP series - User's Guide
Арнайы басып шығару мүмкіндіктерін
92
3. Басып шығару
19
Қабаттасуды пайдалану
Бұл параметр PCL принтер драйверін пайдаланғанда ғана қолжетімді.
Қабаттасу дегеніміз не?
Қабаттасу — компьютердің қатты дискісінде (HDD) арнайы файл пішімі
ретінде сақталатын жəне кез келген құжатта басылып шығатын мəтін
жəне/немесе сурет. Қабаттасулар əдетте дайын бланк қағазының
орнына қолданылады. Алдын ала басып шығарылған бланкты
пайдаландудың орнына дəл қазір бланкта бар ақпаратты қамтитын
қабаттасуды жасауға болады. Компанияның бланкісі бар хатты басып
шығару үшін құрылғыға алдын ала басып шығарылған бланк қағазын
салудың қажеті жоқ, оның орнына жай құжатта бланк қабаттасуын
басып шығарыңыз.
Жаңа бет қабаттасуын жасау
Бет қабаттасуын пайдалану үшін, логотипті немесе суретті қамтитын
жаңа бет оверлейін жасау керек.
1
Жаңа бет қабаттасуында пайдалану керек мəтін немесе сурет
бар құжатты жасаңыз немесе ашыңыз. Элементтерді қабаттасу
ретінде шығатындай орналастырыңыз.
2
Құжатты қабаттасу ретінде сақтау үшін Настройка печати
тармағына өтіңіз (76-беттегі "Басып шығару теңшелімдерін ашу"
бөлімін қараңыз).
3
Дополнительно қойындысын басып, Наложение ашылмалы
тізімінен Создать пəрменін таңдаңыз.
4
Сохранить как терезесінде Имя задания жолағында сегіз
таңбаға дейін тұратын атауды енгізіңіз. Қажет болса, файл
жолын көрсетіңіз (Əдепкі жолы: C:\Formover).
5
Сохранить түймесін басыңыз.
6
Печать терезесінен шығу алдында Печать немесе OK түймесін
басыңыз.
Растау терезесінде Да жауабын таңдаңыз.
7
Файл басып шығарылмайды. Оның орнына, ол компьютердің
қатты дискінде сақталады.
Оверлей құжатының өлшемі оверлеймен басылатын құжаттың
өлшемімен бірдей болуы керек. Қабаттасуды су таңбасымен бірге
жасамаңыз.