User manual

k
172
3MSpeedglas100 қорғаныс дәнекерлеу
дұлығасының нұсқаулығы
ДӘНЕКЕРЛЕУ АЛДЫНДА
Жеке басының қорғанысы үшін Speedglas 100 қорғаныс дәнекерлеу
дұлығасын қолданбас бұрын бұрын осы нұсқаулықтарды мұқият оқып
шығыңыз.
Толық жинағы А:1 суретінде көрсетілген.
Ең ыңғайлы күйге жету үшін жеке талаптарыңызға сәйкес қорғаныс
дәнекерлеу дұлығасын реттеңіз. (B:1 - B:3 суретін қараңыз).
Көлеңкелеу экранының нөмірін (217 таңдау) беттегі кестеге сәйкес
таңдап алу қажет.
Speedglas 100 дәнекерле дұлығасы сүзгі әлсіз немесе қатты көлеңкелеу
күйінде, сондай-ақ, автоматты түрде көлеңкелеу функциясы
қосылғанына қарамастан, зиянды УК-сәулеленуден қорғайтын тұрақты
қорғанысты (көлеңкелейтін экранның аналогы 12) қамтамасыз етеді.
Екі литий аккумуляторы қорек көзі ретінде пайдаланылады. (3V
CR2032)
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Осы өнім пайдаланушының көзінде немесе бетінде көрінетін жарықты,
ультракүлгін сәулеленуді (УК), инфрақызыл сәулеленуді (ИҚ),
пайдаланушы осы нұсқаулық бойынша өнімді пайдаланатын болса,
көлеңкелеу экрандарын пайдалану ұсынылған доғалы дәнекерлеу
кезінде пайда болатын ұшқындарды және шашыранды тамшыларды
қамтитын зиянды сәулеленуден қорғау үшін жасалған.
Бұл өнімді лазерлік дәнекерлеуден және кесуден немесе газбен
дәнекерлеуден және кесуден басқа мақсатқа пайдалану көзге қатты
залал келтіруі және көру қабілетінің жоғалуына алып келуі мүмкін.
Өнімді арнайы дайындықсыз дәнекерлеу үшін қолданбаңыз. Өнімді тиісті
түрде қолдану үшін Пайдаланушының нұсқаулығын оқып шығыңыз.
Оны Speedglas маркалы төлтумалы қосалқы тетіктерімен ғана пайдалану
керек, мысалы, осы нұсқаулықта көрсетілген тетік нөмірлерін ескере
отырып, ішкі және сыртқы қорғаныс пластиналары. Пайдаланушының
осы нұсқаулығында көрсетілген көлемге кірмейтін ауыстыру элементтері
немесе модификацияларын пайдалану өнімнің қорғаныс қасиетін құртып,
кепілдік жөніндегі наразалықты жоққа шығаруғы немесе дұлыға Қорғаныс
және сапа бағалау сыныпталуына сәйкес келмеуіне алып келеді.