Instruction Manual

0456 703 0001 B18 53
Тазарту және күтім жасау
Қалқанды пайдаланып
болғаннан кейін жуыңыз және
тазалаңыз. Осындай сақтық,
қалқанға сызат түсірмеу үшін
қажет болады.
Жұмсақ тазартқыш құралмен
(сабынмен) жуыңыз.
Пайдаланылатын тазартқыш
құрал теріні қоздырмауы қажет.
Жұмсақ тоқыма майлықпен
сүртіңіз. Қатқыл матаны
пайдаланбаңыз, себебі ол
қалқаншаны сызаттау мүмкін.
Үнемі техникалық қызмет
көрсету мен тазарту пайдалану
кезінде жоғары ыңғайлылыққа
кепілдік береді. Дұрыс тазартпау
және күтім жасамау беттік
қалқаншаның қорғаныстық
атқарымдарына кері әсер етуге
мүмкін.
Тазарту және күтім көрсету
жөніндегі нұсқауларда
көрсетілгендей әрекет етіңіз.
Сақтау
Тиісті қаптамасы беттік
қалқаншаны тасымалдау кезінде
зақымданудан қорғайды.
Беттік қалқаншаны,
мүмкіндігінше, жақсы
желдетілетін, құрғақ орынжайда
түпнұсқалық қаптамасында
сақтаған жөн.
Экстремалды
температуралардың,
сұйықтықтардың және УФ-
сәулелену әсерін болдырмаңыз.
Қызмет ету мерзімі
Қалқандағы күнқағардың беріктігін
болжау - қиын мәселе.
Қалқанды ашық ауада
пайдаланған кезде, оны кем
дегенде екі жыл сайын
басқасына ауыстырып тұру
қажет. Жүктеме ықпалында
жұмыс істеген кезде қалқанды
одан да жиі ауыстыру қажет
болуы мүмкін.
Зақымданулары, сызаттары бар
немесе жаншылған беттік
қалқаншаны дер кезінде
ауыстырған жөн.
Құрал-жабдықтар мен қосалқы
бөлшектер
0000 889 9012 ADVANCE
Қорғаныс бетпердесі, Металлды
торыдан жасалған
жегіленген қалқанша
0000 889 9014 ADVANCE
Қорғаныс бетпердесі, Болат
торыдан жасалған қалқанша
0000 889 9013 Беттік
қалқаншаның тұтқышы
0000 889 9011 Қалқанша үшін
көз шағылыстыруға қарсы
қорғаныс
0000 889 8008 Беттік
қалқаншаны ұзарту
STIHL түпнұсқалық бөлшектерін
ғана пайдалануға рұқсат
беріледі.