Product Info

Table Of Contents
24
© ANDREAS STIHL AG & Co. KG 2019
ルトとハーネスの汚れがひどいとき
は、中性洗剤または色物用洗濯洗剤
のみを使用し、手で慎重に洗浄して
ください。
7.1 バッテリーベルトとハーネス
の廃棄
STIHL 製品は家庭ゴミとして処分し
ないでください。この章の指示に従っ
て廃棄してください。
バッテリーベルトとハーネスだけで
なく、アクセサリーやパッケージも
認可された、環境に配慮したリサイ
クル施設に持ち込んでください。
廃棄とリサイクルの最新情報につい
ては、STIHL サービス店へお問い合
わせください。
Сатып алғаныңыз үшін алғыс
білдіреміз. Төменде келтірілген
ақпарат сізге аккумулятор белдігі мен
аспалы белдіктің қуаты және оларды
қолданудың ыңғайлылығы туралы
толығырақ түсінік алуға көмектеседі,
ал аталған талаптарды ұстанудың
арқасында осы бұйымды пайдалану
кезінде жарақат алу қаупі барынша
азайтылады.
Осы пайдалану нұсқаулығын тиісті
жерде сақтау керек!
Осы сақтық шаралары мен
нұсқауларды ұстанбай, STIHL
тарапынан ұсынылған аккумулятор
белдігі мен аспалы белдікті жалға
беруге немесе жалгерлікке тапсыруға
болмайды. STIHL тарапынан
ұсынылған аккумулятор белдігі мен
аспалы белдікті осы сақтық
шараларымен және нұсқаулармен
танысып шыққан адамдар ғана
пайдалана алады.
Түсініксіз сақтық шаралары мен
нұсқаулар туралы толығырақ
ақпаратты немесе олардың
түсініктемесін STIHL компаниясының
мамандандырылған дилерінен ала
аласыз.
2.1 Мақсатына сай қолдану
Аккумулятор белдігі, біріктіруші сымы
бар АР бел дорбасын (3-сурет) және
STIHL дорбасын (2-сурет) жамбасқа
тағу арқылы тасуға арналған. Балама
ретінде, аккумулятор белдігін STIHL
екі дорбасын тасу үшін қолдануға
болады.
Сақтандыру
STIHL аккумулятор белдігін өзге
мақсаттар үшін пайдалану
салдарынан жарақат келтірілуі
және мүлік бүлінуі мүмкін.
Біріктіруші сымы бар АР бел
дорбасы аккумулятор белдігіне
бекітілгеннен кейін, STIHL
фирмасының келесі аккумулятор
бұйымдарының біріне ток жіберуге
болады:
Ағаштарды күтуге арналған
арадан басқа STIHL MSA
аккумуляторлы мотоарасы
STIHL HTA аккумуляторлы биік
кескіші
STIHL FSA аккумуляторлы бұтақ
кескіші
STIHL HSA аккумуляторлы
мотоқайшысы
STIHL HLA аккумуляторлы
мотошапқышы
STIHL BGA аккумуляторлы ауа
үрлегіші
Аккумуляторлы ағаштарды күтуге
арналған арамен, аккумуляторлы
абразивті-қиылатын қондырғымен,
сондай-ақ аккумуляторлы көгал
шапқышпен жұмыс істеген кезде
STIHL аккумулятор белдігін немесе
біріктіруші сымы бар АР бел
дорбасын пайдалануға болмайды.
Осы бұйымдармен жұмыс істеген
кезде біріктіруші сымның шатасуы,
бақылаудан немесе тепе-теңдіктен
айырылу салдарынан жарақат
келтірілуі және мүлік бүлінуі мүмкін.
Жарақат алуға және мүлікті
бүлдіруге, сонымен қатар
біріктіруші сымы бар бел дорбасын
білдіруге қатысты қауіптілікті
азайту үшін, келесі нұсқауларды
орындау керек:
Аккумуляторды біріктіруші сымы
бар АР бел дорбасында
зарядтауға тыйым салынады.
Біріктіруші сымы бар АР бел
дорбаларының бірнешеуін өзара
біріктіруге болмайды.
Біріктіруші сымы бар АР бел
дорбасын немесе дорбаны STIHL
AP аккумуляторын тасу үшін ғана
пайдалануға болады.
2.2 Пайдаланушыларға
қойылатын талаптар
Сақтандыру
STIHL бұйымдарын ашық ауада
пайдалану кезінде бірқатар
қиындықтар туындауы мүмкін.
Пайдаланушының ақыл-есі мен
денсаулық жағдайы жақсы болуы
тиіс. Шаршау және бақылаудан
айырылу салдарынан жарақат алу
қаупін азайту үшін, келесі іс-
әрекеттерді орындау керек:
Бұйымды пайдаланудың
алдында, денсаулық жағдайын
дәрігердің көмегімен тексеру
керек, ауыр жұмысты орындаған
пайдаланушы өзін нашар
сезінбес үшін, оның денсаулығы
жақсы болуы тиіс.
Көрі қабілетінің нашарлауына,
тепе-теңдікті ұстай алмауға,
ептіліктен немесе
парасаттылықтан айырылуға
себеп болатын қандай да бір
заттектердің (есірткі, алкоголь,
дәрі-дәрмек және т.б.) әсеріндегі
адамдардың бұйымды
пайдалануына тыйым салынады.
Қырағы болыңыз. Шаршаған
кезде өнімді пайдаланбаңыз.
Шаршаған болсаңыз, үзіліс
жасаңыз.
Аккумуляторға арналған белдікті
және аспалы белдікті кәмелетке
толмаған адамдардың
пайдалануына жол берілмейді.
2.3 Аккумулятор белдігін және
аспалы белдікті қолдану
Сақтандыру
Дұрыс қолданбау немесе мақсаты
бойынша қолданбау салдарынан
жарақат келтірілуі және мүлік
бүлінуі мүмкін.
Аккумулятор белдігі және аспалы
белдік, тек қана пайдалану
нұсқаулығында көрсетілген
нұсқауларға сай қолданылуы
керек.
Аккумулятор белдігін немесе
аспалы белдікті түрлендіруге
тыйым салынады.
Түрлендірілген, бүлінген, дұрыс
реттелмеген немесе дұрыс
техникалық қызмет көрсетілмеген
аккумулятор белдігі немесе аспалы
белдік дұрыс емес жұмыстың
себебі болып, жарақат келтіру
немесе қайтыс болу қаупін
арттырады.
Аккумулятор белдігін және
аспалы белдікті түрлендіруге
әрекет жасауға тыйым салынады.
Аккумулятор белдігі мен аспалы
белдікке арналған нейлон белдігі
және басқа да құрал-жабдықтар
жарамды күйде екеніне және
бүлінбегеніне көз жеткізу керек.
Құрал-жабдықтар тозған,
әлсіреген, жарылған немесе
басқаша бүлінген жағдайда,
оларды ауыстыру үшін STIHL
мамандандырылған дилеріне
жүгініңіз. Ақаулықты
жоймайынша аккумулятор
белдігін және аспалы белдікті
пайдалануға болмайды.
Жұмысты бастамас бұрын,
біріктіруші сымы бар АР бел
дорбасы және дорба аккумулятор
белдігіне мықтап және тиісінше
бекітілгеніне көз жеткізіп алу
керек.
Рұқсатсыз пайдаланудан және
күтпеген жерден іске қосылудан
жарақат алу қаупін төндірмес үшін:
Аккумуляторыңыз аккумулятор
белдігіне салынған болса немесе
аккумулятор белдігіндегі
біріктіруші сымы бар АР бел
дорбасы STIHL бұйымына
қосылған болса, аккумулятор
белдігін және аспалы белдікті
қараусыз қалдырмаңыз.
Жұмыс барысында бақылаудан
айырылу салдарынан ауыр жарақат
алу қаупін азайту үшін:
Біріктіруші сымы бар АР бел
дорбасына қосылатын электр
құрал-саймандармен жұмыс
жасау бойынша және қауіпсіздік
техникасы бойынша барлық
нұсқаулармен танысып шығыңыз
және оларды орындаңыз.
Пайдаланушы апаттық жағдайда
аккумулятор белдігінен және
аспалы белдіктен оңай босай
алатын күйде болуы тиіс. Апаттық
жағдайда, тез әрекет ететін
тығырықтың көмегімен аккумулятор
белдігі мен аспалы белдікті шешіп,
өзіңізден алып тастау керек.
Аккумулятор белдігін жұмыс
шалбары белдігінің бастырмасы
арқылы өткізуге болмайды,
себебі, апаттық жағдайда
үстіңізден аккумулятор белдігін,
біріктіруші сымы бар АР бел
дорбасын немесе дорбаны
шешуге қиын болады.
Жарақат алу қаупін азайту үшін,
тез әрекет ететін тығырықтың
көмегімен белдікті шешуге және
аккумулятор белдігі мен аспалы
белдікті еденге түсіруге жаттығу
керек. Зақым келтірмеу үшін,
аккумулятор белдігін және
аспалы белдікті жаттығу
барысында еденге қоймаңыз.
Аккумуляторды еденге лақтыруға
болмайды.
3.1 Аспалы белдікті, біріктіруші
сымы бар AP бел дорбасын
және дорбаны орнатыңыз
Аспалы белдікті аккумулятор
белдігіне (1-сурет) тағыңыз.
Біріктіруші сымы бар AP бел
дорбасын бекітіңіз (2, 2А суреті).
Бір немесе екі дорбасы бекітіңіз (2,
2В суреті).
3.2 Аккумулятор белдігін және
аспалы белдікті тағу
Дұрыс жайғасымға кепілдік беру үшін:
Аккумулятор белдігін жамбасқа, ал
аспалы белдікті иыққа ораңыз (3-
сурет).
Жамбас белдігін (1) бекітіңіз де,
оны жамбаста ыңғайлы да сенімді
түрде орналасатындай реттеңіз (4-
сурет).
Аспалы белдікті төсемеге
(жастыққа) дейін мықтап тартыңыз
да, арқаға қаттырақ бекітіңіз (5-
сурет).
Жамбас белдігінің ұштарын
сақиналар (2) арқылы өткізіңіз (5-
сурет).
Аккумулятор белдігін және аспалы
белдікті шешу үшін жамбас
белдігінде тез әрекет ететін
тығырықты ашып, иық белдігіндегі
аспалы белдікті босатып, реттегіш
тығырықты көтеру керек (6-сурет).
7廃
1 Кіріспе түсініктемелер
Көрсетілген ақпаратпен
және сақтық
шараларымен танысып
шығу және барлық
нұсқаулар мен
талаптарды сақтау керек.
Мақсаты бойынша
пайдаланбау, ауыр
жарақаттарға себеп
болуы мүмкін.
Пайдаланудың алдында
және болашақта осы
нұсқаулықта келтірілген
сақтық шараларын және
нұсқауларды үнемі және
мұқият түрде оқу керек.
Қауіпсіздік техникасының
барлық талаптарын
орындау керек.
Ұқыпсыздық немесе
мақсаты бойынша
пайдаланбау ауыр
жарақаттың немесе
өлімнің себебі болуы
мүмкін. Төмендегі
бұйымдар үшін барлық
нұсқауларды мұқият оқып
шығу және орындау
керек:
STIHL AP
аккумуляторлары;
STIHL бұйымдары;
STIHL біріктіруші сымы
бар AP белдеме
сөмкесі.
АУІПСІЗДІК
ТЕХНИКАСЫ
БОЙЫНША
МАҢЫЗДЫ
НҰСҚАУЛАР
3 Аккумулятор белдігін
және аспалы белдікті
тағу