Instruction Manual

44 0456 701 0003 F18
қозғалтқыштың агрегатының
пайдалану нұсқаулығының
қауіпсіздік нұсқауларын міндетті
түрде сақтаңыз.
Әрбір рет қолданудың алдында
бұйымның мінсіз күйін (мысалы,
бұйымның сыртқы күйін)
бақылаңыз.
Бүлінген немесе өзгертілген
бұйымды дереу алып тастаңыз.
Бұл бұйым, мотоарадан келтірілген
жарақаттан қорғай алмайды.
Жуу
Кір жуу үшін сатылымдағы түрлі-
түсті киімді жууға немесе нәзік
түрде жууға арналған жуғыш
құралдарды қолдану
ұсынылады. Қатты кірлеген
жағдайда (мысалы, май дақтары
жұққан кезде) киімді жуудың
алдында сабын-сілті ерітіндісіне
езіп қойған жөн.
Тазарту жөніндегі нұсқаулар:
тігілген заттаңбаны қараңыз.
Тиісінше тазартпаған, күтім
көрсетпеген жағдайда, өнімнің
атқарымына кері әсері тие алады.
Өтініш, тазарту және күтім
көрсету жөніндегі нұсқауларда
көрсетілгендей әрекет етіңіз.
Аладғы нұсқаулар
Материалды бүлдіріп алмас үшін
бұйымға істік немесе өткір
заттарды (мотоаралардың
шынжырлары, тікендер, металл
аспаптары және т.б.), сондай-ақ
қышқылдар, май, еріткіштер,
жанармай, жануарлардың нәжісі
және тағы басқа сияқты
агрессивті заттарды тигізбеңіз.
Ыстық заттарға (шу басқыш және
т.с.с.) және басқа жылу көздеріне
(жанып тұрған от, каминдер және
т.б.) тигізбеңіз.
Назар аударыңыз! Жұмыс
істеген кезде үстіне тұтанатын
заттар (мысалы жанармай, май,
тоңмай) шашырап кеткен киімді
дереу басқасына ауыстыру керек
- өрттің туындау қаупі төне
алады! Киімді үстіңізге кимес
бұрын, оны ең алдымен
нұсқауларға сай тазарту керек.
Бұйымға енгізілген өзгерістер,
қорғаныстың тиімділігіне кері
әсерін тигізе алады.
Сол себептен, бұйымға ешбір
жағдайда қандай да бір өзгеріс
енгізбеңіз.
Өзгертілген бұйымды дереу
алып тастаңыз.
Түзетулерді енгізу және жөндеу
Қорғаныс киімін әдепкі сыртқы
киімді жөндегендей жөндеңіз де,
тозып кеткен қорғаныс киімін
басқасына ауыстырыңыз.
►STIHL MultiProtect HS шалбарын
өзгерткен немесе жөндеген
кезде, протекторларға арналған
қалталардың тігілмегеніне
немесе өзгертілмегеніне көз
жеткізіңіз.
STIHL ADVANCE X-TREEm
курткенің жеңін қысқартқанда,
жеңдегі жабысқыш-қапсырма
артқа қарай ауысқан болу керегін
ескерту қажет.