Instruction Manual

58
Q
жағдайда, оның қорғаныс тиімділігіне кері әсері тие алады.
Өтініш, тазарту жөніндегі нұсқауларда көрсетілгендей әрекет
етіңіз.
Бұйымға енгізілген өзгерістер, қорғаныстың тиімділігіне кері
әсерін тигізе алады. Сол себептен, бұйымға ешбір жағдайда
қандай да бір өзгеріс енгізбеңіз. Өзгертілген бұйымды дереу
алып тастаңыз. Осы қорғаныс бұйымы қол мотоараларымен
жұмыс істеген кезде қолдануға арналған. Басқа қауіп-қатерден
қорғаныс әрекеті жоқ (мысалы, құрылыс салу кезінде, электр
энергиясымен / электр тогымен жанасу кезінде, кескіш тегістегіш
машиналармен, типтік емес немесе түрлендірілген
шынжырлармен, моторлы құралдармен, құтқару жұмыстарына
арналған аралармен, басқа да сүректі емес материалдарға
арналған аралармен, жоғары қысымды жуғыштармен және тағы
басқамен жұмыс істеу кезінде қолданудың басқа салалары).
3. Материалды бүлдіріп алмас үшін қорғаныс қолғаптарына істік
немесе өткір заттарды (мотоаралардың шынжырлары, металл
аспаптары және т.б.), сондай-ақ жануарлардың нәжісі,
қышқылдар, май, еріткіштер, жанармай және тағы басқа сияқты
агрессивті заттарды тигізбеңіз.
Ыстық заттарға (пайдаланылып болған газ және т.б.) және басқа
жылу көздеріне (жанып тұрған от, каминдер және т.б.) тигізбеңіз.
Назар аударыңыз!
Егер жұмыс істеген кезде қорғаныс қолғаптарына жанармай, май
немесе басқа да жанатын және тұтанатын заттар жұғатын болса,
онда жұмысты жалғастырмай тұрып, ең алдымен қолғапты
міндетті түрде нұсқауға сай тазарту қажет. Өрттің туындау қаупі
төне алады! Қолғапты кимес бұрын, оны ең алдымен
нұсқауларға сай тазарту керек.
4. Жөндеу мүмкін емес
Бүлінген кезде дереу ақауға шығарыңыз.
5. Сұрыптауға және кәдеге жаратуға арналған өлшемшарттар:
Беткі қабаты зақымданған немесе тілінуден қорғау ендірмесі
өзгертілген немесе бүлінген қорғаныс қолғаптарын енді
қолдануға болмайды (қорғаныс әсерінен айырылу!) және олар
дереу кәдеге жаратылған болуы тиіс. Тоқыма жинау пункттері
(ескі киім, қайта өңдеу) арқылы немесе артық қалдықтармен
бірге өңдеу.
Пайдалану ұзақтығы мен шектері
Біз, тозып кеткен бұйымды басқасына ауыстыруды ұсынамыз: ең
көбі 2 жылдан кейін үнемі қолданған кезде (айына бірнеше рет).
Ең көбі 5 жылдан кейін тұрақсыз қолданған кезде (әсіресе,
материалдардың тозуына байланысты)