Instruction Manual

Table Of Contents
475
ET KK
0478 216 9907 C - KK
UK BG RU EL HRCSLVLTRO
4.1 Жалпы ережелер
Аспаппен жұмыс істегенде
қауіпсіздік техникасын қатаң
ұстаныңыз.
Алғаш рет қолданар алдында
пайдалану жөніндегі осы
нұсқаулықты толығымен
оқуыңыз керек. Пайдалану
жөніндегі нұсқаулықты тағы да қолдану
мақсатында сақтап қойыңыз.
Іштен жанатын қозғалтқышты
пайдалану жөніндегі жеке дара
нұсқаулықтан Сіз таба алатын
пайдалану және қызмет көрсету
жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын
сақтаңыз.
Қауіпсіздік мақсатында мына
қауіпсіздік
шараларын ұстанған жөн және де
нұсқаулықта ескерілмеген басқа да
ережелерді ұстану керек. Құрылғыны
үнемі ақылмен және жауапкершілікпен
пайдаланыңыз және де пайдаланушы
басқа тұлғаларға зақым тигізгені үшін
және мүлікті бүлдіргені үшін жауапты
екенін ұмытпаңыз.
Басқару элементтерімен және
құрылғыны пайдалану ережелерімен
танысып шығыңыз.
Құрылғыны тек пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты оқыған және құрылғыны
пайдалана алатын тұлғаларға ғана
пайдалануға болады. Алғаш рет
қолданысқа енгізер алдында
пайдаланушы тәжірибелі маманға
жүгінуі керек. Сатушы немесе басқа
маман пайдаланушыға құрылғыны
қауіпсіз жолмен пайдалану ережелерін
түсіндіруі тиіс.
Нұсқау берген кезде пайдаланушыға
құрылғымен жұмыс істеген кезде
барынша абай болып, зейін қоя отырып
жұмыс істеу керек екенін түсіндірген
жөн.
Осы құрылғыны мұқият
пайдаланған
кезде де әрдайым қалдық тәуекелдер
пайда болуы мүмкін.
Құрылғыны барлық құралдарымен тек
осы үлгімен таныс және онымен жұмыс
істей алатын тұлғаларға ғана беруге
рұқсат етіледі. Пайдалану жөніндегі
нұсқаулық құрылғының ажырамас бөлігі
болып табылады және жаңа
пайдаланушыға құрылғымен бірге
берілуге тиіс.
Құрылғымен тек физикалық және
психологиялық жағдайы жақсы
болғанда ғана
жұмыс істеу керек.
Денсаулығыңыз нашар болған
жағдайда ұсақтағышпен жұмыс істеуге
рұқсат алу үшін дәрігерге жолығыңыз.
Қимылыңызды нашарлататын
дәрілердің немесе алкоголь
ішімдіктерінің әсері барда құрылғымен
жұмыс істеуге тыйым салынады.
Құрылғымен жұмыс істеу және
пайдалану үшін пайдаланушының
физикалық, сезіну және ойлау қабілетін
қамтамасыз ету. Егер пайдаланушы
физикалық, сезіну немесе ойлау
жағынан шектеулі болса
, ол
құрылғымен тек қадағалауда немесе
жауапты тұлғаның нұсқаулары
бойынша ғана жұмыс істей алады.
Пайдаланушының кәмелетке
толғанына немесе ұлттық ережелерге
сәйкес кәсібі бойынша қадағалауда
оқытылғанына көз жеткізіңіз.
Назар аударыңызжазатайым
оқиғаның қаупі бар!
STIHL бақша ұсақтағышы кесілген
бұтақшалар мен өсімдіктердің
қалдықтарын ұсақтауға арналған. Оны
басқа мақсатпен қолдануға болмайды,
себебі бұл адам үшін
қауіпті және
жабдық үшін зиянды болуы мүмкін.
Бақша ұсақтағышын келесі мақсаттарға
пайдалануға тыйым салынған (толық
емес тізім):
басқа материалдар (мысалы, шыны,
металл) үшін;
пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
көрсетілмеген жұмыстарды орындау
үшін;
3. Құрылғылардың сипаты
1 Тиеу шұңғымасы
2 Іштен жанатын қозғалтқыш
3 От алдыру білтесі сымының штекері
4 Дөңгелек
5 Дөңгелек тірегі
6 Лақтырманың астаушасы
7 Бұрандалы тығындар
8 Қосқыш/ажыратқыш
9 Машина нөмірі жазылған төлқұжат
4. Қауіпсіздік шаралары
1
Тұншығудан өлім қаупі бар!
Орауыш материалмен
ойнағаннан балаларға тұншығу
қаупі төнуі мүмкін. Орауыш
материалды балалардан алшақ
ұстаңыз.