Instruction Manual

Table Of Contents
0478 216 9907 C - KK
476
азық-түлік дайындау үшін
(мысалы, мұзды ұсақтау, мезгаға
іріктеу).
Қауіпсіздік мақсатында STIHL
компаниясы рұқсат еткен керек-
жарақтардың дұрыс орнатылымынан
басқа, құрылғы құрылымына кез келген
өзгерістер енгізуге тыйым салынады,
сонымен қатар, мұндай әрекеттер
кепілдіктің жойылуына әкеледі. Рұқсат
етілген керек-жарақтар туралы
мәліметтерді STIHL делдалынан біліп
алуға болады.
Сонымен қатар, іштен жанатын
қозғалтқыш
пен электр қозғалтқыштың
айналу жиілігіне немесе қуаттылығына
әсер ететін құрылғыны қолмен
қозғалтуға тыйым салынған.
Құрылғыны зат, жануарлар мен
адамдарды, әсіресе балаларды
тасымалдау үшін пайдалануға тыйым
салынады.
Қоғамдық орындар, парктер, спорт
алаңшаларында, жолда, ауыл және
орман шаруашылығында пайдаланған
кезде өте сақ болу қажет.
4.2 Жанар-жағар май толтыру -
бензинді қолдану ережесі
Бензинді тек осыған арналған және
сертификатталған сыйымды
ыдыстарда (канистраларда) ғана
сақтаңыз. Сұйыққоймалардың
қақпақтарын әрқашан дұрыс бұрап
алып, дұрыс бұраңыз. Қауіпсіздік
талаптарына орай ақаулықтары бар
қақпақтарды жаңасына ауыстырған
жөн.
Жанармай секілді қолданыс
материалдарын пайдаға асыру және
сақтау мақсатында, сусындардың
бөтелкелері мен соған ұқсас заттарды
ешқашан қолданбаңыз
. Бөтен адамдар,
әсіресе балалар, осы бөтелкенің
ішіндегісін ішіп қоюы мүмкін.
Бензинді жанып тұрған оттан,
жылу қайнарларынан және
ұшқынның басқа да ықтимал
қайнарларынан алшақ
ұстаңыз. Шылым шекпеңіз!
Жанармайды тек ашық ауада құйыңыз.
Жанар-жағар майды құйған кезде
шылым шекпеңіз.
Жанар-жағар май құяр алдында,
қозғалтқышты сөндіріңіз және
суытыңыз.
Қозғалтқышты қосар алдында
оған
бензин құйыңыз. Жұмыс істеп тұрған
немесе әлі суымаған қозғалтқыштың
жанармай багын ашуға және оған
бензин құюға болмайды.
Жанармай багын артық
толтырмаңыз!
Жанармай орнының кеңеюіне
мүмкіндік беру үшін,
жанармай багын ешқашан
толтыру мойнының астыңғы
жиегінен асыра толтырмаңыз.
Іштен жанатын қозғалтқышты
пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы
қосымша нұсқауларды орындаңыз.
Егер бензин ағып кеткен болса
, онда
алдымен бензинмен кірленген қабатты
тазартып болғаннан соң, қозғалтқышты
іске қосыңыз. Бензин булары
буланбағанша, оталдыратын әрекет
жасамаңыз (құрғақ шүберекпен сүртіп
жіберіңіз).
Ағып кеткен жанармайды әркез сүртіп
отырыңыз.
Егер бензин киімге тиіп кеткен болса,
киімді ауыстыру керек.
Багында бензині бар құрылғыны
ғимараттың ішінде ешқашан
сақтамаңыз. Пайда болатын бензин
булары, жанып тұрған
отпен немесе
ұшқынмен түйісіп, кейін тұтанып кетуі
мүмкін.
Қажет болса, жағармайы бар бакты
босату керек, бұл шара ашық ауада
жасалады.
4.3 Киім және әбзел
Құрылғымен жұмыс істеу үшін
табаны сырғанамайтын
жабық аяқ киім киіңіз. Жалаң
аяқ немесе сандалдармен жұмыс
істеуге тыйым салынған.
Жұмыс барысында, қызмет
көрсеткен кезде және
құрылғыны тасымалдағанда
үнемі мықты қолқап кию
керек.
Жұмыс істеген кезде қорғаныс
көзілдірігін және есту
мүшелерін қорғау құралдарын
киіңіз. Оларды жұмыс
атқарған уақыт бойы киіңіз
.
Құрылғымен жұмыс істеген
кезде денеге жабысып
тұратын сәйкес киім киіңіз,
мысалы, жұмыс халатының
орнына комбинезон. Ұсақтағышпен
жұмыс істегенде шәлі тарту, галстук,
әшекейлер тағуға, бос жіберілген
ленталар мен басқа да сыртқа шығып
тұратын киім элементтерін киюге тыйым
салынады.
Өміріңіз үшін қауіпті!
Бензин - улы әрі оңай тұтанатын
зат болып табылады.