Instruction Manual

Table Of Contents
549
ETKK
0478 201 9913 D - KK
UK BG RU EL RO SRHRCSLVLT
Жұмысты күндіз немесе жеткілікті
дəрежедегі жасанды жарық болған
жағдайда ғана орындаған жөн.
Жұмыс барысында жұмыс аймағында
өзге заттар мен батпақ болмау керек.
Сүрініп кетуге болатын барлық
заттарды алып тастаңыз: тастар,
бұтақтар, сымдар жəне т.б.
Пайдаланушының орны ұсақтағышты
орналастырған орыннан жоғары
болмауы тиіс.
Іске қосу:
Іске қосар алдында құрылғыны сенімді
вертикалды күйде орналастырыңыз.
Горизонталды күйде пайдалануға
тыйым салынған.
«Құрылғыны қолданысқа енгізу»
бөлімінің нұсқауларын сақтай отырып,
құрылғыны абайлап қосыңыз. (Ö 10.)
Бензинді немесе электр моторды іске
қосқан кезде материалдарды тастауға
арналған саңылаудың алдында тұруға
болмайды. Сөндірген кезде бақша
ұсақтағышының ішінде өңделіп жатқан
материалдар қалып қоймауы тиіс. Бұл
жағдайда материал сыртқа тасталып,
адамдарға зақым келтіруі мүмкін.
Бастау кезінде құрылғыны аударуға
болмайды.
Қысқа уақыт аралығында, жиі қосуды,
атап айтсақ қосу / сөндіру «ойындарын»
болдырмаған жөн.
Электр қозғалтқышының қызып кету
қаупі!
Ұсақтағышты қосу салдарынан болған
қуаттың тұрақсыздығы үшін желінің
белгілі бір параметрлерінде осы электр
желісіне қосылған басқа құрылғылар
істен шығуы мүмкін.
Бұл жағдайда келесі əрекеттерді
орындау қажет (мысалы, аспапты басқа
электр желісіне немесе кедергісі ең
төмен желіге қосуға болады).
Жұмыстың басталуы:
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
бетіңізді немесе денеңіздің басқа да
бөліктерін суарма шұңғымасының жəне
қалдықтарды түсіріп тастауға арналған
бұрғы құдығының үстінде ешқашан
ұстамаңыз. Басыңыз бен денеңізді
жүктеу бұрғы құдығынан əрірек ұстаңыз.
Қолыңыз, денеңіздің басқа
бөліктері немесе киіміңізді
суарма шұңғымаға немесе
қалдықтарды түсіріп тастауға
арналған бұрғы құдығының ішіне
сұқпаңыз. Көз, бет, саусақ, алақан жəне
т.б. мүшелерге жарақат келтірілу қаупі
бар.
Тіреуші үстіңгі бетке үнемі сүйеніңіз
жəне тиісті тепе-теңдікті сақтаңыз.
Қолдарыңызды құрылғының үстінен
шығармаңыз.
Пайдаланған кезде шашыраудан
қорғайтын панельдерімен пайдалануға
тыйым салынған. (мысалы, шығару,
лақтыру, бекіту, сындыру).
Материалды салған кезде
пайдаланушы нұсқалған жұмыс
аймағында болу керек. Ұсақтағыш
жұмыс істеп тұрғанда пайдаланушы
жұмыс аймағында болуы тиіс, лақтыру
аймағында болуға тыйым салынған.
(Ö 8.4)
Жарақат алу қаупі бар!
Пайдаланған кезде ұсақталған
материал жоғары қарай лақтырылуы
мүмкін. Сондықтан қорғаныс көзілдірігін
киіп, бетіңізді жүктеу бұрғы құдығынан
əрірек ұстаңыз.
Бензин немесе электр қозғалтқышы
жұмыс істеп тұрған құрылғыны
еңкейтуге болмайды.
Жұмыс уақытында құрылғы құлаған
жағдайда, электр қозғалтқышты дереу
сөндіріп, желілік штекерді суырып
алыңыз.
Шығатын шахтада материал жиналып
қалмауын қадағалап отырыңыз, себебі
бұл өнімділіктің төмендеуіне жəне
шығару күшінің артуына əкеліп
соқтырады.
Бақша ұсақтағышы толып қалған
жағдайда, ұсақтау камерасына: металл
бөлшектері, тастар, пластмассалар,
шыны жəне т.б. кіріп кетпеуін байқап
тұрыңыз, себебі соның салдарынан
суарма шұңғымадағы зақымдар мен
кері соққылар пайда болуы мүмкін.
Сол себептен бітеліп қалуын кетіріңіз.
Бақша ұсақтағышына материалды
салған кезде оны қайта шығарып
тастауы мүмкін. Қолғап киіңіз!
Кескіш құрал
ажыратылғаннан кейін толық
тоқтағанға дейін біршама
уақыт өтетінін естен
шығармаңыз.
Электр қозғалтқышты сөндіріңіз, желілік
штекерді суырыңыз жəне барлық
жылжымалы құралдардың тоқтағанын
күтіңіз.
Сіз құрылғыны қалдырмас бұрын
немесе ол қараусыз қалар алдында
Жарақат алу қаупі бар!
Айналмалы бөлшектерге
қолдарыңызды немесе
аяқтарыңызды тигізуге
болмайды.