Instruction Manual

Table Of Contents
0478 201 9914 D - KK
532
Құрылғының орналасқан жерін
ауыстырудың алдында, құрылғыны
алып барып, төңкеріп, жылжытып
немесе тартуыңыз керек,
бұрандалы бітеуішті босатыңқырар
жəне құрылғыны ашар алдында,
құралды тасымалдар алдында,
бітеуіштерді немесе кескіш бөліктегі,
суарма шұңғымадағы немесе қоқыс
түсіріп тастауға арналған
арналардағы қоқыстарды кетірер
алдында,
дискілі пышақпен жұмыс істер
алдында,
құрылғы тексеріліп немесе
тазаланып жатқанның алдында,
басқа да жұмыстарды өткізердің
алдында.
Егер кескіш бөлікке бөгде заттар кіріп
кетсе, құрылғыдан бөтен дыбыстар
шығып немесе ол немесе басқаша
дірілдеп жатса, электр қозғалтқышты
сөндіріп, оның сөнгенін күтіңіз. Желілік
штекерді суырып алыңыз, суарма
шұңғыманы алып тастаңыз да, келесі
қадамдарды жасаңыз:
Құрылғыда, əсіресе кескіш бөліктің
(пышақ, дискілі пышақ, пышақтың
қысқышы, пышақ бұрандамасы,
қысқыш шығыршық) бетінде
зақымдардың бар-жоғын тексеріңіз
де, құрылғыны қосар жəне онымен
жұмыс істер алдында, кəсіпқой
мамандардың жөндеу жұмыстарын
өткізуіне рұқсат беріңіз.
Кескіш бөліктің барлық кескіш
бөлшектерінің дұрыс орнатылғанын
тексеріңіз де, қажет болса
бұрандамаларын қаттырақ тартыңыз
(созылудың айналу мезетін есепке
алыңыз).
Егер бөлшектердің біркелкі қасиеті
бар болса, маман барлық
зақымданған бөлшектерді
ауыстыруы немесе жөндеуі тиіс.
4.7 Техникалық қызмет көрсету жəне
жөндеу
Техникалық қызмет
көрсетудің алдында (тазарту,
жөндеу жəне т.б.) жəне
қосатын сымның күйін
тексерер алдында ұсақтағышты тегіс
орынға орнату қажет, электр
қозғалтқышты сөндіріп, желілік
штекерді суырып алыңыз.
Техникалық қызмет көрсету алдында
құрылғыға суу үшін 5 минут уақыт
беріңіз.
Жөндеу жəне желіге қосылуға арналған
сымды айырбастау тек білікті
электршілерге ғана рұқсат етіледі.
Кескіш құралға қызмет көрсету
алдында, тіпті қуат көзі ажыратулы
болғанда да кескіш құрал бұғаттау
құрылғысының орнатылғанына
қарамастан айналуды жалғастыра
алатындығын тексеріңіз.
Егер техникалық қызмет көрсету кезінде
қандай да бір бөліктер немесе
қорғаныш құрылғылары алынып
тасталса, нұсқаулықтың талабына
сəйкес оларды орнына орнату қажет.
Тазалау:
Қолданып болғаннан кейін, құрылғы
жақсылап тазартылуы керек. (Ö 11.1)
Ешқашан жоғары қысымды
тазалағышты пайдаланбаңыз жəне
құрылғыны ағынды сумен жумаңыз
(мысалы, бақшалық шлангінің
көмегімен).
Агрессивті жуғыш заттарды
пайдаланбаңыз. Бұлар пластиктің
немесе металдың зақымдалуына
əкеліп, STIHL құрылғысының қауіпсіз
жұмысына теріс əсер етуі мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
жөніндегі жұмыстар:
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
көрсетілген техникалық қызмет көрсету
жөніндегі жұмыстарды орындаңыз,
барлық басқа жұмыстарды делдал
өткізуі тиіс.
Қажетті құралдар мен білім жетіспеген
жағдайда дереу делдалға
хабарласыңыз.
STIHL компаниясы техникалық қызмет
көрсету жөніндегі жұмыстарды жəне
жөндеуді орындау үшін тек STIHL
делдалдарына жүгінуді ұсынады.
STIHL делдалдары тұрақты түрде
оқытуды ұсынады жəне техникалық
ақпаратты қамтамасыз етеді.
Аталмыш құрылғы үшін тек қана STIHL
компаниясы рұқсат еткен немесе
техникалық тұрғыдан бірдей
құралдарды, керек-жарақтар мен
аспалы жабдықтарды пайдаланыңыз,
əйтпесе адамдарға зақым келтіру
немесе құрылғының бұзылу қаупі
туындайды. Сұрақтар болған жағдайда
делдалға хабарласыңыз.
STIHL компаниясының түпнұсқа
құралдары, керек-жарақтары мен
қосалқы бөлшектері өз қасиеттері
бойынша құрылғы үшін оңтайлы жəне
пайдаланушының талаптарына сай
келеді. STIHL түпнұсқа қосалқы
бөлшектерін STIHL қосалқы бөлшек
нөмірі, STIHL атауы жəне қажет
болғанда STIHL қосалқы бөлшек коды
бойынша анықтауға болады. Ұсақ
бөлшектерде тек бөлшек нөмірі ғана
болуы мүмкін.