User Instructions

Table Of Contents
453
AZKK
0478 403 9802 C - KK
Суретке сілтемелер:
Құрылғыны пайдалануды көрсететін
суреттер Пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың басында келтірілген.
Фотокамера белгісі Пайдалану
жөніндегі нұсқаулықта келтірілген
мəтінге сəйкес суретті нұсқайды.
4.1 Жалпы ережелер
Аспаппен жұмыс істегенде
қауіпсіздік техникасын қатаң
ұстаныңыз.
Алғаш рет қолданар алдында
осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты толығымен оқып
шығуыңыз керек. Пайдалану
жөніндегі нұсқаулықты тағы да қолдану
мақсатында сақтап қойыңыз.
Іштен жанатын қозғалтқышты
пайдалану жөніндегі жеке дара
нұсқаулықтан Сіз таба алатын
пайдалану жəне қызмет көрсету
жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын
сақтаңыз.
Қауіпсіздік мақсатында мына қауіпсіздік
шараларын ұстанған жөн жəне де
нұсқаулықта ескерілмеген басқа да
ережелерді ұстану керек. Құрылғыны
үнемі ақылмен жəне жауапкершілікпен
пайдаланыңыз жəне де пайдаланушы
басқа тұлғаларға зақым тигізгені үшін
жəне мүлікті бүлдіргені үшін жауапты
екенін ұмытпаңыз.
Басқару органдарымен жəне
құрылғыны пайдалану ережелерімен
танысыңыз. Бірінші кезекте
пайдаланушы жұмыс құралын жəне
құрылғы қозғалтқышын қалай тоқтатуды
білу керек.
Құрылғыны тек пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты оқыған жəне құрылғыны
пайдалана алатын тұлғаларға ғана
пайдалануға болады. Алғаш рет
қолданысқа енгізер алдында
пайдаланушы тəжірибелі маманға
жүгінуі керек. Сатушы немесе басқа
маман пайдаланушыға құрылғыны
қауіпсіз жолмен пайдалану ережелерін
түсіндіруі тиіс.
Нұсқау берген кезде пайдаланушыға
құрылғымен жұмыс істеген кезде
барынша абай болып, зейін қоя отырып
жұмыс істеу керек екенін түсіндірген
жөн.
Осы құрылғыны мұқият пайдаланған
кезде де əрдайым қалдық тəуекелдер
пайда болуы мүмкін.
Құрылғыны барлық құралдарымен тек
осы үлгімен таныс жəне онымен жұмыс
істей алатын тұлғаларға ғана беруге
рұқсат етіледі. Пайдалану жөніндегі
нұсқаулық құрылғының ажырамас бөлігі
болып табылады жəне жаңа
пайдаланушыға құрылғымен бірге
берілуге тиіс.
Абай болыңыз!
Белгілі бір əрекеттердің
салдарынан жеңіл жарақаттар
келтіріліп, жабдық сынуы мүмкін.
Нұсқау
Оператордың ықтимал
қателіктерін болдырмау
мақсатымен жабдықты қолдану
жөніндегі ұсыныстар.
3. Құрылғылардың сипаты
1 Қозғалғыш механизм жетегінің
тұтқышы (алға қозғалу)
2 Бас тұтқаның жоғарғы бөлігі
3 Қысатын тұтқа
4 Стартер арқаны
5 Іштен жанатын қозғалтқыш
6 От алдыру білтесі сымының штекері
7 жақ сақтандырғыш тақтайша
8 Өсімдіктерге арналған қорғау
дискісі
9 Қопсытатын жұлдызшалар
10 Ауыстыруға арналған тұтқа
1
1
11 жақ сақтандырғыш тақтайша
12 Тасымалдауға арналған
доңғалақтар
13 Шектегіш
14 Ағыту тұтқышы (тасымалдауға
арналған доңғалақтар)
15 Ағыту болттары (шектегіш)
16 Тіреуіш тұтқа
17 Отын беруді реттеу тұтқасы
18 MH 445 R, MH 560, MH 585, MH 685:
Қозғалғыш механизм жетегінің
тұтқышы (артқа қозғалу)
19 Машина нөмірі жазылған төлқұжат
4. Қауіпсіздік шаралары
Тұншығудан өлім қаупі бар!
Орауыш материалмен
ойнағаннан балаларға тұншығу
қаупі төнуі мүмкін. Орауыш
материалды балалардан алшақ
ұстаңыз.