User Instructions

Table Of Contents
0478 403 9802 C - KK
456
Құрылғыны тасымалдау кезінде, атап
айтсақ, жүктеу тұғырнамаларында
жүктің жəне тасымалданатын заттың
қауіпсіздігіне қатысты жергілікті
заңдардың талаптарын орындау қажет.
4.5 Жұмысты бастамас бұрын
Құрылғыны пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты оқып шыққан адамдар
ғана пайдаланатынына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны қолданысқа енгізуден
бұрын жанармай жүйесінің бітеулігін
тексеріңіз, əсіресе жанармай багы,
жанармай багының қақпағы жəне шланг
байланыстары секілді бөліктерінде.
Жанармай ағып кеткен кезде немесе
зақым келген кезде іштен жанатын
қозғалтқышты қосуға тыйым салынады
бұл өртке əкелуі мүмкін!
Құрылғыны қолданысқа енгізуден
бұрын оны арнайы мамандандырылған
қызмет көрсету орталығында жөндеу
керек.
ІЖҚ-мен жабдықталған бақ аспаптарын
пайдалану ережелерін сақтаңыз.
Жұмыс аумағын мұқият қарап шығыңыз
жəне одан барлық тастар, таяқтар, сым
кесектері, сүйектер жəне көгалшапқыш
үстіге лақтырып қалуы мүмкін басқа да
бөгде заттарды алып тастаңыз.
Жұмыс істеуден бұрын айналып өтетін
жасырын кедергілердің орналасқан
орындарын белгілеу керек (гүлзарды
суару құрылғысы, бағандар, сутартқыш
вентильдер, жертөле қабаттар, электр
сымдары жəне т.б.). Мұндай бөгде
заттардың үстінен ешқашан жүргізбеңіз.
Құрылғыны пайдаланар алдында
ақауларды жойып, барлық тозған жəне
зақым келген бөлшектерді алмастыру
керек. Құрылғыдағы анық емес немесе
зақымдалған қауіп жəне ескерту
белгілерін жаңартыңыз. STIHL
делдалыңызда қосалқы жапсырмалар
мен барлық басқа қосалқы бөліктер бар.
Құрылғыны пайдаланар алдында от
алдыру білтесі сымының штекері жағу
шамына сенімді орнатылғандығына көз
жеткізіңіз.
Тек қолданысқа жарамды күйдегі
құрылғыны қолданыңыз. Жұмысты
бастау алдында төмендегілерді тексеру
керек:
құрылғы дұрыс жиналған ба,
сақтандырғыш құрылғылары
(мысалы, қозғалғыш механизм
жетегінің тұтқышы, сақтандырғыш
тақтайшалар, қорғаныш қаптары,
қорғайтын жабындар, бас тұтқа,
қорғаныш торы) мінсіз жұмыс күйінде
екенін тексеріңіз. Сақтандырғыш
құрылғылары жоқ, зақымдалған
немесе тозған құрылғыны ешқашан
қолданбаңыз.
жұмыс құралдары (қопсытатын
жұлдызшалар) жəне бекіту болттары,
шплинттер тозбағанын жəне
зақымдалмағанын (кертіктер,
сызаттар). Тозған жəне зақымдалған
бөліктерді ауыстыру қажет.
жұмыс құралдары (қопсытатын
жұлдызшалар) мықтап бекітілгенін.
қозғалғыш механизм жетегінің
тұтқышы оңай жүретінін.
отын багының қақпағы дұрыс
орнатылғанын.
бак пен жанармай өткізетін
бөліктердің, сондай-ақ, бак
қақпағының мінсіз күйінде екендігін.
бұрандалы тығынның майлы
сұйыққоймаға дұрыс бұрап
бекітілгенін.
пайдаланылатын керек-жарақтың
құрылғыға толық жəне дұрыс
орнатылғанын. Керек-жарақтың
жеткізілім құрамындағы барлық
бөліктер орнатылуы немесе
қолданылуы тиіс.
Қажет болса, барлық қажетті
жұмыстарды орындаңыз немесе
делдалға хабарласыңыз. STIHL
компаниясы STIHL делдалдарын
ұсынады.
Сол жəне оң жақтағы сақтандырғыш
тақтайшалар қармау еніне сəйкес
реттелген жəне талаптарға сəйкес
орнатылуы тиіс. Егер MH 445 жəне
MH 445 R үлгілеріндегі қармау ені
қосымша қопсытатын жұлдызшалар
есебінен кеңейтілсе (STIHL
компаниясының керек-жарақтары),
үлкен сақтандырғыш тақтайшаларын
(керек-жарақтардың жеткізілім
жиынтығы) орнату керек.
Құрылғыны жұмыс аймағына əкеліңіз,
бұл кезде оны доңғалағымен
алдыңызда немесе артыңызда
дөңгелетіңіз.
Құрылғыны пайдалануға енгізер
алдында, оның үстіндегі барлық
заттарды алып тастаңыз (құралдар,
маталар).
4.6 Жұмыс барысында
Басқа адамдарға қауіпті
аймақта тұруға тыйым
салынады! Қауіпті аймақта
жануарлар немесе адамдар,
əсіресе балалар бар болса, ешбір
жағдайда жұмыс жүргізуші болмаңыз.