Instruction Manual

Table Of Contents
0478 670 9907 D - KK
512
2 Стартер арқанын (2) қысылуға
қарсылық туындамағанша баяу
тартыңыз. Созылып тұрған қолдың
ұзындығындай қарқынды жəне
шапшаң түрде тартыңыз. Стартер
арқаны (2) кері қайтарылуы үшін оны
ақырын қайтадан артқа қайтарыңыз.
Осы процесті іштен жанатын
қозғалтқыш іске қосылмайынша
қайталай беріңіз.
Содан кейін вертикуттермен өңдеу
үшін аэратор блогын жұмыс күйіне
төмендетіңіз жəне көгалды өңдеңіз.
(Ö 7.5)
10.2 Іштен жанатын
қозғалтқышты сөндіру
Аэратор блогын тасымалдау
күйіне орнатыңыз. (Ö 7.5)
Қозғалтқышты тоқтату тұтқасын (1)
жіберіңіз. Аз инерция бойынша
қимылдау уақытынан кейін іштен
жанатын қозғалтқыш пен аэратор
пышағы тоқтап қалады.
11.1 Жалпы ережелер
Делдалдардың тарапынан жыл
сайынғы техникалық қызмет
көрсету:
Аэратор жыл сайын делдалға
апарылып тексерілуі керек. STIHL
компаниясы STIHL делдалдарын
ұсынады.
11.2 Құрылғыны тазалау
Техникалық қызмет көрсету
аралығы:
Əр қолданған соң
Жақсы күту құрылғыны зақымдалудан
қорғайды жəне оның пайдалану
мерзімін ұзартады.
Аэраторды берік, тегіс жəне
көлденең жерге қойыңыз.
Тазалау күйіне орнатпас бұрын, шөп
жинағышты (керек-жарақ жеткізілім
жинағына кірмейді) ажыратыңыз
жəне жанармай багын босатыңыз.
Тазалау күйі:
Бас тұтқаның жоғарғы бөлігін (1)
жинап қойыңыз (Ö 7.4) жəне
лақтырманың қақпағын (2) көтеріңіз.
Аэраторды тасымалдау
тұтқасынан (3) көтеру арқылы
алдыңғы жағына көтеріңіз.
Аэраторды суретте көрсетілгендей
орнатып, бас тұтқаның жоғарғы
бөлігін топыраққа жайыңыз.
Құрылғыны қылшақпен немесе
шүберекпен сулап тазартуға болады.
Жиналған қалдықты ағаш таяқпен
кетіріңіз. Қажет болса, арнайы
тазартқышты (мысалы,STIHL
арнайы тазартқышын)
пайдаланыңыз.
Іштен жанатын қозғалтқыштың
бөлшектеріне, сына тəрізді
белдіктерге, тығыздауыштарға жəне
иінтіректердің тіреуіштеріне
ешқашан су ағынын немесе жоғары
қысымды тазалағышты бағыттауға
болмайды.
Аэратор блогы мен іштен жанатын
қозғалтқыштың суыту қабырғаларын
тазалаңыз.
11.3 Аэратор блогы
Техникалық қызмет көрсету
аралығы:
Əр қолдану алдында
Аэраторды тазалау күйіне көтеріңіз.
(Ö 11.2)
Аэратор блогында (құрамында
кесетін десте, пышақтар, гайкалар,
шайбалар жəне аралық қабаттар
бар) тозудың бар-жоғын, бекіту
беріктігін, сынықтардың жəне басқа
зақымдардың бар-жоғын тексеріңіз.
Тозуды бақылау:
Топырақ жұмыс тереңдігінің жоғары
деңгейінде (6-деңгей) өңделген болса,
пышақтарды ауыстыру керек.
Пышақтарды əрқашан толық жинақпен
ауыстыру керек.
Пышақты ешқашан өткірлемеңіз!
Ақаулы немесе тозған бөліктерді
жөндеу немесе ауыстыру үшін делдалға
тапсырыс беріңіз. STIHL компаниясы
STIHL делдалын ұсынады.
11. Техникалық қызмет
көрсету
Жарақат алу қаупі бар!
«Қауіпсіздік шаралары» (Ö 4.)
бөліміндегі қауіпсіздік
техникасының нұсқауларын
ұстаныңыз.
12
13
Жарақат алу қаупі бар!
Тозған пышақ бөлініп кетіп, ауыр
жарақат алуға апарып соғуы
мүмкін. Сондықтан техникалық
қызмет көрсетуді міндетті түрде
сипатталғандай орындау керек.