User Instructions

Table Of Contents
353
ENSKTRHUSRHRCSLVLTROELBGETAZKK
0478 111 9841 B - KK
11.1 Іштен жанатын
қозғалтқышты іске қосу
Қозғалтқышты тоқтату тұтқасын (1)
бас тұтқаға қарай басып тұрыңыз.
Стартер арқанын (2) қысылуға
қарсылық туындамайынша ақырын
тартыңыз. Созылып тұрған қолдың
ұзындығындай қарқынды жəне
шапшаң түрде тартыңыз. Стартер
арқаны (2) кері қайтарылуы үшін оны
ақырын қайтадан артқа қайтарыңыз.
Осы процесті іштен жанатын
қозғалтқыш іске қосылмайынша
қайталай беріңіз.
11.2 Іштен жанатын
қозғалтқышты сөндіру
Іштен жанатын қозғалтқышты
сөндіру үшін қозғалтқышты тоқтату
тұтқасын (1) жіберіңіз.
Аз уақыттан соң іштен жанатын
қозғалтқыш пен шапқыш пышағы
тоқтап қалады.
11.3 Қозғалғыш механизм
жетегі (RM 443 T, RM 448 PC,
RM 448 PT, RM 448 T,
RM 448 TX, RM 448 TC,
RM 448 VC)
RM 443 T, RM 448 PC, RM 448 PT,
RM 448 T, RM 448 TX, RM 448 TC жəне
RM 448 VC көгалшапқыштары бір
қозғалғыш механизм жетегімен
жабдықталған.
RM 443 T, RM 448 PC, RM 448 PT,
RM 448 T, RM 448 TX, RM 448 TC:
Алға қозғалу жылдамдығы (кіріс беріліс
қорабы)
RM 448 VC:
Алға қозғалу жылдамдығын қозғалу
барысында біркелкі реттеу (Vario
беріліс қорабы)
Қозғалғыш механизм жетегін қосу:
Іштен жанатын қозғалтқышты іске
қосыңыз. (Ö 11.1)
Қозғалғыш механизм жетегінің
тұтқасын (1) бас тұтқаға қысып, ұстап
тұрыңыз.
Қозғалғыш механизм жетегі іске
қосылады жəне көгалшапқыш алға
қарай қозғалады.
Қозғалыс жылдамдығын орнату
(RM 448 VC):
Қозғалыс жылдамдығын
көтеру:
Vario жетегінің тұтқасын (2)
қозғалыс барысында алға басыңыз.
Қозғалыс жылдамдығын
төмендету:
Vario жетегінің тұтқасын (2)
қозғалыс барысында артқа
тартыңыз.
Қозғалғыш механизм жетегін
сөндіру:
Қозғалғыш механизм жетегінің
тұтқасын (1) жіберіңіз. Қозғалғыш
механизм жетегі сөнеді де,
көгалшапқыш тоқтайды. Іштен
жанатын қозғалтқыш өз жұмысын
жалғастыра береді.
11.4 Шөп жинағышты босату
Шөп жинағышты ажыратыңыз.
(Ö 8.3)
Шөп жинағышты бекітетін
цупферде (1) ашыңыз. Шөп
жинағыштың жоғарғы жағын (2) ашып
ұстап тұрыңыз. Шөп жинағышты
артқа қарай қайырып, кесілген
материалды босатыңыз.
11. Қолданысқа енгізу
Іштен жанатын қозғалтқышты биік
шөпте іске қосуға болмайды. Іске
қосылу əрекеті күрделі болғанда
жоғарырақ кесу биіктігін орнату
параметрін таңдаңыз.
Іске қосылғаннан кейін іштен
жанатын қозғалтқыш тұрақты
газдың орнатылғанына
байланысты жұмысқа арналған
оңтайлы айналу жиілігімен
əрқашан жұмыс істей береді.
14
15
Құрылғының зақымдалуына
жол бермеңіз!
Қозғалғыш механизм жетегінің
тұтқасын зақымдамау үшін
толығымен басқару керек (жүрісті
шектегішке дейін).
16
17
Құрылғының зақымдалуына
жол бермеңіз!
Vario жетегінің тұтқасын (2) іштен
жанатын қозғалтқыш жұмыс істеп
тұрғанда ғана басқарыңыз.
Жарақат алу қаупі бар!
Қауіпсіздікті сақтау үшін шөп
жинағышты ажырату алдында
іштен жанатын қозғалтқышты
əрқашан сөндіріп тұрған жөн.
18