User Instructions

Table Of Contents
0478 111 9841 B - KK
342
құрылғымен тек қадағалауда немесе
жауапты тұлғаның нұсқаулары
бойынша ғана жұмыс істей алады.
Пайдаланушының кəмелетке
толғанына немесе ұлттық ережелерге
сəйкес кəсібі бойынша қадағалауда
оқытылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы тұрмыстық мақсаттарға
арналған.
Назар аударыңыз: жазатайым
уақиғаның қаупі бар!
Көгалшапқыш тек көгалдарды шабуға
ғана арналған. Оны басқа мақсатта
қолдануға болмайды, себебі бұл адам
үшін қауіпті жəне жабдық үшін зиянды
болуы мүмкін.
Пайдаланушының денсаулығына қауіп
төнетіндігіне байланысты
көгалшапқышты келесі жұмыстар үшін
қолдануға болмайды (тізбесі толық
емес):
өсіп жатқан ағаш шарбақтар, бұта
мен ағаштарды бұтау үшін,
шырмалағыш өсімдіктерді бұтау
үшін,
үй төбесіндегі жəне балкон
жəшіктеріндегі гүлзарға күтім жасау
үшін,
ағаштар мен бұталардың бұтақтарын
ұсақтау жəне бұтау үшін,
жаяу жүргінші жолдарын тазарту
үшін (шаңсорғыш арқылы немесе
үрлеу əдісімен),
топырақтың кедір-бұдыр жерлерін,
мысалы, ін көртышқанының қазған
жерлерін тегістеу.
орылған шөпті, бұл үшін
қарастырылған шөпжинағыштағыдай
тасымалдау үшін.
Қауіпсіздік мақсатында STIHL
компаниясы рұқсат еткен керек-
жарақтардың дұрыс орнатылымынан
басқа, құрылғы құрылымына кез келген
өзгерістер енгізуге тыйым салынады,
сонымен қатар, мұндай əрекеттер
кепілдіктің жойылуына əкеледі. Рұқсат
етілген керек-жарақтар туралы
мəліметтерді STIHL делдалынан біліп
алуға болады.
Сонымен қатар, іштен жанатын
қозғалтқыш пен электр қозғалтқыштың
айналу жиілігіне немесе қуаттылығына
əсер ететін құрылғыны қолмен
қозғалтуға тыйым салынған.
Құрылғыны зат, жануарлар мен
адамдарды, əсіресе балаларды
тасымалдау үшін пайдалануға тыйым
салынады.
Қоғамдық орындар, парктер, спорт
алаңшаларында, жолда, ауыл жəне
орман шаруашылығында пайдаланған
кезде өте сақ болу қажет.
Назар аударыңыз! Діріл
денсаулыққа қауіп
төндіреді! Дірілге
байланысты тым артық
жүктеменің түсуіне орай, əсіресе қан
айналымының сырқаттарынан зардап
шегетін адамдарда қан айналымының
сырқаттары немесе жүйке жүйесінің
ауруы пайда болуы мүмкін. Діріл
жүктемесінен пайда болуы мүмкін
симптомдар анықталған жағдайда
дəрігерге қаралыңыз.
Көбінесе тіс, алақан немесе білек
тұсында пайда болатын симптомдар
мынадай (тізімі толық емес):
апатия,
аурулар,
бұлшық ет əлсіздігі,
терінің пигменттенуі,
жағымсыз қышыма.
Жұмыс барысында бас тұтқаны екі
қолмен жəне арнайы жерлерінен берік,
бірақ тым қатты емес ұстаңыз.
Жұмыс уақытын ұзақ мерзімді жоғары
жүктемелерге жол бермейтіндей етіп
жоспарлаңыз.
Құрылғыны тегіс жерге қойылғанда
жəне ол өздігінен аунап кетпейтін
болған жағдайда ғана жіберіңіз.
4.2 Жанар-жағар май толтыру -
бензинді қолдану ережесі
Бензинді тек осыған арналған жəне
сертификатталған сыйымды
ыдыстарда (канистраларда) ғана
сақтаңыз. Сұйыққоймалардың
қақпақтарын əрқашан дұрыс бұрап
алып, дұрыс бұраңыз. Қауіпсіздік
талаптарына орай ақаулықтары бар
қақпақтарды жаңасына ауыстырған
жөн.
Жанармай секілді қолданыс
материалдарын пайдаға асыру жəне
сақтау мақсатында, сусындардың
бөтелкелері мен соған ұқсас заттарды
ешқашан қолданбаңыз. Бөтен адамдар,
əсіресе балалар, осы бөтелкенің
ішіндегісін ішіп қоюы мүмкін.
Бензинді жанып тұрған оттан,
жылу қайнарларынан жəне
ұшқынның басқа да ықтимал
қайнарларынан алшақ
ұстаңыз. Шылым шекпеңіз!
Өміріңіз үшін қауіпті!
Бензин - улы əрі оңай тұтанатын
зат болып табылады.