Instruction Manual

Table Of Contents
Бас тұтқаны (1) жайып, бұл ретте
кабельдің (2) қысылмағанын қадағалаңыз.
Жұлдыз тәрізді тұтқалы гайканы (3) мықтап
тартыңыз.
Бас тұтқа (1) көгалшапқышпен берік
байланыстырылған.
7.2.2 Бас тұтқаны жинау
Бас тұтқаны орын үнемдеп тасымалдау
немесе сақтау үшін жинауға болады.
Көгалшапқышты өшіріп, сақтандырғыш
кілтті суырып алыңыз және аккумуляторды
шығарыңыз.
Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
Бас тұтқаны (1) ұстап алып, жұлдыз тәрізді
тұтқалы гайкаларды (2) босатыңыз.
Бас тұтқаны (1) алға қарай жинаңыз.
7.3 Шөп жинағышты монтаждау,
ілу және босату
7.3.1 Шөп жинағышты монтаждау
Шөп жинағыштың жоғарғы жағын (1) шөп
жинағыштың астыңғы жағына (2)
орнатыңыз.
Қапсырмалар (3) және бағыттауыштар (5)
ішінде тұруы керек. Ысырмалар (3)
саңылаулардың (4) биіктігінде орналасуы
қажет.
Ысырмаларды (3) бірінен кейін бірі арттан
алға қарай саңылауларға (4) кіргізіңіз.
Ысырмалар (3) шерту дыбысымен тіреледі.
7.3.2 Шөп жинағышты ілу
Қозғалтқышты өшіріңіз.
Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
Лақтырманың қақпағын (1) ашып, ұстап
тұрыңыз.
Шөп жинағышты (2) тұтқасынан (3) ұстап
алып, ілмектерімен (4) бекіткіштерге (5)
іліңіз.
Лақтырманың қақпағын (1) шөп
жинағышқа (2) қойыңыз.
7.3.3 Шөп жинағышты ажырату
Көгалшапқышты өшіріңіз.
Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
Лақтырманың қақпағын ашып, ұстап
тұрыңыз.
Шөп жинағышты тұтқасынан ұстап жоғары
қарай шығарыңыз.
Лақтырманың қақпағын жабыңыз.
қазақ 7 Көгалшапқышты құрастыру
312 0478-131-9862-B