Instruction Manual

Өзіңіздің жеке қауіпсіздігіңіз үшін тек осы құралға арналған
саптамалар мен қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
Абай болыңыз, себебі асүйлік комбайн немесе блендерге құйылған
ыстық сұйықтық кенеттен қайнаудан шайқалып төгілуі мүмкін.
Қайнап тұрған сұйықтықты (80°C жоғары) ыдысқа немесе оның
бөлшектеріне құймаңыз (үлгісіне қарай).
Құрал шектеулі дене және ақыл-ой қабілеттіліктері бар (балаларды
қоса алғанда) тұлғалармен, қажет тәжірибесі және білімі жоқ
тұлғалармен де қолданылмауы қажет. Аталған тұлғалар тек
олардың қауіпсіздігіне жауап беретін тұлғалардың қадағалауымен
немесе оны қолдану бойынша нұсқаулар алғаннан кейін ғана осы
құралды қолдана алады.
Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаңыз.
Балалардың құралмен өз бетінше пайдаланбауын бақылаңыз.
Осы құрал келесідей қосалқы үй-жай және ұқсас жерлерде қолдану
үшін арналмаған (құралға кепіл берілмейді):
- дүкендер, кеңселер және басқа жұмыс орындарында;
- жалға берілетін басқа тұрғын бөлме-жайларда;
- қонақ үйлер, мотельдер және басқа резиденциялық мекеме
клиенттеріне;
- шағын қонақ үйлер сияқты орталарда.
Саптамаларды ауыстырмас бұрын немесе құралдың жұмыс жасауы
барысында қозғалатын бөлшектерге қолжетімді болу үшін құралды
алдын ала сөндіріңіз және оны желіден ажыратыңыз.
Әр саптама үшін оның жылдамдық пен жұмыс уақытын реттеу үшін
нұсқаулықты қараңыз.
Құрал саптамаларын салу және ауыстыру үшін нұсқаулықты
қараңыз.
Тағамдық өнімдермен қатынаста болатын қосалқы бөлшектерін
алғаш және кейінгі тазалу алдында, сондай-ақ құралды тазалау
мен қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу алдында нұсқаулықты
қараңыз.
53