Instruction for Use

KZ
77
Қосу және пайдалану
ЕСКЕРТУ! Пеш
тартпаларды алып
шығуға арналған және
пештен шығып кетуіне
жол бермейтін шектегіш
жүйемен жабдықталған
(1).
Сызбада көрсетілгендей,
толығымен шығарып алу
үшін тартпаларды алдыңғы шетінен ұстап көтеріп,
тартсаңыз (2) болғаны.
! Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос күйінде
есігін жауып, ең жоғарғы температурада кемінде жарты
сағаттай қыздырыңыз. Пешті өшіріп, оның есігін ашпастан
бұрын бөлменің жақсы желдетілгенін тексеріңіз. Өндіру
кезінде қолданылған қорғағыш заттардың жанып кетуіне
байланысты жеңіл жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
! Орнату процесін жеңілдету үшін тұтқаны басып,
ұстап тұрыңыз: сонда дисплейде сандарды айналдыру
жылдамдығы артады.
! 10 секундтан кейін әрбір параметр құрылғыда автоматты түрде
сақталады.
! Пайдаланушы қолғап киген болс, сенсорлық басқару
элементтерін қосу мүмкін емес.
Кейбір модельдер пайдаланушы қолымен итермей- не
тартпай-ақ, есікті баяу жабуға мүмкіндік беретін топсалар
жүйесімен жабдықталған. Жүйе дұрыс пайдалану үшін,
есікті жаппас бұрын:
есікті толық ашыңыз.
жабылу кезінде қолмен итермеңіз.
! Пісіру өнімділігін оңтайландыру үшін таңдалған функцияны
іске қосқан кезде өнім параметрлері қолданылады, оған
байланысты желдеткіш пен қыздыру элементтері кешігіп
қосылуы мүмкін.
Басқару тақтасын құлыптау
! Пеш өшіп тұрғанда, пісіру басталғанда немесе
аяқталғанда және бағдарламалау кезінде басқару
тақтасын құлыптауға болады.
Пешті басқару элементтерін құлыптау үшін
белгішесін кем дегенде 2 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Сигнал беріліп, ТЕМПЕРАТУРА дисплейінде «O—n»
таңбасы көрсетіледі. Құлыптың қосылғанын көрсету үшін
белгішесі жанады.
Пешті басқару элементтерінің құлпын алу үшін
белгішесі
н кем дегенде 2 секунд қайтадан басып ұстап
тұрыңыз.
Сағатты орнату
! Пеш өшіп тұрған кезде ғана сағатты орнатуға болады.
Пеш күту режимінде болса, белгішесі бір рет
басылғанда дисплейде ағымдағы уақыт параметрі
көрсетіледі. Уақытты орнату үшін оны қайтадан басыңыз.
Қуат желісіне қосқаннан кейін немесе қуат өшіп қайта
қосылғаннан кейін белгішесі мен дисплейінде
сандар 10 секунд жыпылықтайды.
Сағатты орнату үшін:
1. белгішесі
н
басыңыз.
2. Сағаттың мәнін дұрыстау үшін ТАЙМЕР ТҰТҚАСЫН
және белгілеріне қарай бұраңыз.
3. Дұрыс сағат мәніне жеткенде белгішесі
н
басыңыз.
4. Минуттарды орнату үшін жоғарыдағы процесті
қайталаңыз.
Қуат өшіп, қайта қосылса, сағатты қайтадан орнату қажет
болады. Дисплейде белгішесі жыпылықтаса, демек
сағат дұрыс орнатылмаған.
Еске салғышты орнату
! Еске салғышты пештің қосылғанына немесе өшірілгеніне
қарамастан орнатуға болады. Ол пешті қоспайды не
өшірмейді.
Орнатылған уақыт өткен кезде, таймер дыбыстық
белгі береді де, 30 секундтан кейін немесе басқару
тақтасындағы кез келген белсенді түйме басылған кезде,
ол автоматты түрде тоқтайды.
Таймерді реттеу үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
1. белгішесі
н
басыңыз.
2. ТАЙМЕР ТҰТҚАСЫН және белгілеріне қарай
бұрау арқылы уақытта тиісті түрде реттеңіз.
3. Қажетті мәнге жеткенде белгішесі
н
қайтадан
басыңыз.
Жанып тұрған таңбасы еске салғыш қосылып
тұрғаны туралы еске салады. ДИСПЛЕЙДЕ кері санақ
көрсетіледі.
Еске салғышты өшіру үшін белгішесін басып,
тұтқаның көмегімен уақытты 00:00 мәніне орнатыңыз.
Түймені тағы бір рет басыңыз.
белгішесі өшіп, еске салғыш өшірілгенін білдіреді.
Пешті қосу
1. белгішесі
н
басып басқару тақтасын қосыңыз.
Құрылғы үш мәрте сигнал береді (арту ретімен) және
барлық түймелер бірінен кейін бірі жанады.
2. ТАҢДАУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін таңдаңыз. Дисплейде төмендегілер
көрсетіледі:
- қолмен бағдарламалаған кезде режимге байланысты
температура;
- автоматты бағдарламалаған кезде – «Авто» сөзі мен
ұзақтық ауысып көрсетіледі.
3. Пісіруді бастау үшін белгішесі
н
басыңыз.
4. Пешті алдын ала қыздыру кезеңі басталады, алдын
ала қыздыру көрсеткіштері температура көтерілген
кезде жанады.
5. Алдын ала қыздыру процесі аяқталған кезде сигнал
беріледі де, барлық алдын ала қыздыру көрсеткіштерінің
шамдары осы кезеңнің аяқталғанын көрсетеді: содан
кейін тағамды пешке салуға болады.
6. Тағам дайындау кезінде әрқашан мына әрекеттерді
орындауға болады:
- ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұрап, температураны реттеу
(тек қолмен басқару режимдері);