Instruction for Use

78
KZ
- пісіру режимінің ұзақтығын реттеу (“Пісіру режимдері”
бөлімін қараңыз);
- пісіруді тоқтату үшін белгішесі
н
басыңыз. Бұл
жағдайда құрылғы бұрын өзгертілген температураны
жадында сақтайды (тек қолмен басқару режимдерінде);
- белгішесі
н
3 секунд басу арқылы пешті өшіріңіз.
7. Егер пеш жұмыс істеп тұрған кезде электр қуаты
сөніп қалса, құрылғының ішіндегі автоматты жүйе тағам
дайындау режимін қуат үзіліп кеткен сәттен бастап қайта
іске қосады, бұл үшін температура белгілі бір деңгейден
төмендемеуге тиіс. Әлі басталмаған бағдарламаланған
пісіру режимдері қалпына келтірілмейді және оларды
қайта бағдарламалау қажет болады (мысалы: пісіру
режимі 20:30-да басталуға бағдарламаланған. 19:30-
да ток өшіп қалады. Қуат қайтадан берілгенде режимді
қайта бағдарламалау қажет болады).
! Пеш қажетті цикл таңдалғаннан 2 секундтан кейін
алдын ала қыздыру кезеңін бастайды.
! ГРИЛЬ (GRILL) режимінде алдын ала қыздыру кезеңі
жоқ.
! Ешқашан пештің астыңғы жағына зат қоймаңыз, бұл
эмальді қабатты зақымдайды.
! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)ға
қойыңыз.
! Пеш қажетті цикл таңдалғаннан 2 секундтан кейін
алдын ала қыздыру кезеңін бастайды.
Салқындату желдеткіші
Пештің сыртқы температурасын салқындату үшін
салқындату желдеткіші басқару тақтасы мен пеш есігінің
арасында, сондай-ақ, пеш есігінің астына қарай салқын
ауа ағынын өткізеді. ғана қосылады. FAST CLEAN
(ЖЫЛДАМ ТАЗАЛАУ) режимінде салқындату желдеткіші
төменгі жылдамдықта жұмыс істейді.
! Тағам дайын болғаннан кейін де пеш толық
салқындағанша желдеткіш жұмыс істеп тұрады.
Пештің шамдары
Пеш есігі ашылғанда немесе пісіру режимі басталғанда
шам жанады. LED INSIDE технологиясымен
жабдықталған модельдер пісіре бастаған кезде, барлық
пісіру деңгейлерін анығырақ көрсету үшін есіктегі
диодтар жанады.
белгішесі
н
шамды кез келген уақытта қосуға болады.
Қалған қызу көрсеткіштері
Құрылғы қалған қызу көрсеткішімен жабдықталған. Пеш
өшіп тұрғанда, пештің ішіндегі жоғары температураны
көрсету үшін дисплейде «қалған қызу» жолағы жанады.
Жолақтың бөліктері пеш ішіндегі температура азайғанда
бір-бірден өшеді.
Зауыттық параметрлерді қалпына
келтіру
Пайдаланушы таңдауларының барлығын (сағат және
өзгертілген ұзақтықтар) бастапқы қалпына келтіру үшін
пештің зауыттық параметрлерін қалпына келтіруге
болады. Қалпына келтіру үшін пешті өщіріңіз, одан кейін
белгішесін басып тұрып, ТАҢДАУ тұтқасын бұрап
ұстаңыз. Қалпына келтіру процедурасы аяқталған кезде
сигнал беріледі. белгішесі алғаш рет басылғанда пеш
бірінші рет қосылғандай әрекет етеді.
Күту режимі
Бұл өнім күту режимінде қуат тұтынуды шектеуге
қатысты соңғы Еуропалық Директиваның талаптарына
сәйкес келеді. 30 секунд ішінде ешбір түйме басылмаса
және басқару тақтасы/есік құлпы қосылмаған болса,
құрылғы күту режиміне автоматты түрде өтеді.
Жарықтығы жоғары “Сағат түймесі” шамы күту режимін
білдіреді. Құрылғыны қайта қолдана бастағанда жүйенің
жұмыс режимі қалпына келеді.
Тағам дайындау режимдері
! Тағамдардың жұмсақ әрі қытырлақ болуын қамтамасыз
ету үшін пеш су буы түрінде тағамның ішінде болатын
ылғалдылықты шығарады. Осылайша, барлық тағам
түрлері үшін оңтайлы пісіру нәтижелеріне қол жеткізуге
болады.
! Пеш қосылған кезде, ол бірінші қолмен пісіру режимін
ұсынады.
Қолмен пісіру режимдері
! AБарлық тағам дайындау режимдерінің әдепкі
орнатылған пісіру температурасы бар, оны 30°C пен
250°C аралығында қолдан реттеуге болады (GRILL
(ГРИЛЬ) режимі үшін 300 °С). Кез келген температура
өзгерістері құрылғы жадында сақталады және бұл
режим қолданылған келесі кезде ұсынылады. Таңдалған
температура пеш ішіндегі температурадан төмен болса,
Дисплейінде “Hot” сөзі көрсетіледі. Дегенмен, пісіруді
бастау мүмкін болады.
MULTILEVEL (КӨПДЕҢГЕЙЛІ) режимі
Пештің қызуы тұрақты болғанда ауа тағамды біркелкі
қызартып пісіреді. Бір уақытта ең көбі екі тартпаны
пайдалануға болады.
BARBECUE (БАРБЕКЮ) режимі
Үстіңгі қыздыру элементі мен бұрылмалы істік (егер
болса) іске қосылады. Грильдің жоғарғы және тіке
температурасы қабаттың жоғарғы температурасын
қажет ететін тағамдар үшін ұсынылады. Бұл режим
пайдаланылғанда пештің есігі әрдайым жабық тұруы
қажет (“Тағам дайындау бойынша кеңес” бөлімін
қараңыз).
FAN GRILLING (ЖЕЛДЕТКІШІ БАР ГРИЛЬ) режимі
Жоғарғы қыздыру элементі мен гриль-бар істігі (бар болса)
іске қосылады да, желдеткіш жұмыс істей бастайды. Айналу
кезінде айналдырып қыздыру элементі де іске қосылады.
Осы мүмкіндіктердің жиыны пештің күшейтілген ауа
айналымы мен қыздыру элементі арқылы берілетін бір
бағыттағы жылу бөлу тиімділігін арттырады. Бұл тағамның
күйіп кетуін болдырмауға көмектеседі және жылудың