Instruction for Use

KZ1
Бұл нұсқаулар веб торапта қолжетімді болады: www.whirlpool.eu
СІЗДІҢ ЖƏНЕ БАСҚАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ
Бұл нұсқаулық жəне құралдың өзі барлық уақытта оқылатын жəне
қарастырылатын маңызды қауіпсіздік ескертулерін қамтамасыз етеді.
Қауіпсіздікке қатысты барлық хабарлар өздеріне қатысты ықтимал қауіп-қатерді
көрсетеді жəне құрылғыны дұрыс пайдаланбау салдарынан туындайтын зақым,
жарақат жəне электр тогына түсу қаупін азайту жолын көрсетеді. Мынаған сəйкес
болғанын қадағалаңыз:
- Барлық босату жəне орнату операцияларын орындау үшін қорғаныс қолғаптарын
пайдаланыңыз.
- Кез келген орнату жұмысын орындау алдында құралды қуат көзінен ажырату қажет.
- Орнатуды жəне күтім көрсетуді өнім жасаушысының нұсқаулары мен жергілікті
қауіпсіздік ережелеріне сəйкес білікті техникалық маман орындауы керек.
Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше белгіленген болмаса, құрылғының ешбір
бөлшегін жөндемеңіз не ауыстырмаңыз.
- Бұл құрылғыны жерге қосу керек.
- Қуат көзінің сымы құралды шкафтан негізгі қуат көзіне жалғау үшін жеткілікті ұзын
болуы қажет.
- Ағымдағы қауіпсіздік ережелеріне сəйкес орнату үшін ең аз байланыс аралығы 3
мм болатын барлық полюсті ажыратып-қосқыш пайдаланылуы қажет.
- Ұзартқыштар немесе мульти розеткаларды пайдаланбаңыз.
- Құрылғының қуат кабелін тартпаңыз.
- Электр құрамдастары орнатудан кейін пайдаланушы қатынаса алатындай болуы қажет.
- Бұл құрылғы тек тамақ пісіру үшін тұрмыстық қолданысқа арналған. Басқа
қолданыс түріне рұқсат етілмейді (мысалы, бөлмелерді жылыту). Өндіруші дұрыс
пайдаланбауға немесе басқару құралдарын дұрыс орнатпауға қатысты барлық
жауапкершіліктерден бас тартады.
- Құрал жəне оның қолжетімді бөліктері пайдалану барысында қызады.
Қыздырушы элементтерге тиіп кетуден абай болу керек. Енді жүретін сəбилерді
(0-3 жас) жəне жас балаларды (3-8 жас) үздіксіз бақылау болмаса жолатпаңыз.
-8 жас жəне одан үлкен жастағы балалар жəне физикалық, сезімдік немесе рухани
мүмкіншіліктері жеткіліксіз немесе тəжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар
құралды тек басқару бойынша арнайы қауіпсіз пайдалану нұсқаулары
берілгеннен кейін пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамау қажет.
Балаларға тазалау жəне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын бақылаусыз
орындауға рұқсат бермеңіз.
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бұлқауіпсіздікке қатысты, пайдаланушыларға жəне басқаларға
ықтимал қауіп-қатер туралы ескертетін қауіптілік белгісі.
Барлық қауіпсіздік ескертулері қауіп таңбасының жəне мына
жазулардың артында тұрады:
ҚАУІПТІ
Алды алынбаған жағдайда ауыр жарақатқа əкелетін
қауіпті жағдайды көрсетеді.
ЕСКЕРТУ
Алды алынбаған жағдайда ауыр жарақатқа əкелуі
мүмкін қауіпті жағдайды көрсетеді.
?АЗА?
400010778923.book Page 1 Thursday, March 5, 2015 4:48 PM

Summary of content (11 pages)