Instruction for Use

204
1. ОРНАТУ
1.1. БІР ҚҰРЫЛҒЫНЫ ОРНАТУ
Құрылғының жеткілікті желдетілуін қамтамасыз
ету үшін, оның екі жағынан және үстінен орын
қалдырыңыз.
Құрылғының артқы жағы мен құрылғы артындағы
қабырғаның арасындағы қашықтық 50 мм болуы
тиіс.
Осы бос орынды азайту өнімнің қуат тұтынуын
күшейтеді.
2. ФУНКЦИЯЛАР
2.1. SMART DISPLAY (СМАРТ ДИСПЛЕЙ)*
Бұл функцияны қуатты сақтау үшін пайдалануға
болады. Функцияны қосу/өшіру үшін, қысқаша іске
қосу нұсқаулығындағы нұсқауларды орындаңыз.
Smart Display (Смарт дисплейді) іске қосудан кейін
екі секундтан соң дисплей өшеді. Температураны
реттеу немесе басқа функцияларды пайдалану
үшін, дисплейді кез келген түймешікті басу
арқылы белсендіру қажет. 15 секунд әрекетсіз
тұрғаннан кейін, дисплей қайтадан өшеді. Функция
өшірілгеннен кейін, қалыпты дисплей қосылады.
Қуат іркілісінен кейін Smart Display (Смарт дисплей)
автоматты түрде өшеді. Бұл функция құрылғыны
қуат көзінен ажыратпай, тек сыртқы дисплей
тарапынан тұтынылатын қуатты азайтатынын есте
сақтаңыз.
Ескертпе: Құрылғының көрсетілген қуат тұтынуы
Smart Display (Смарт дисплей) функциясының
белсендірілген күйдегі жұмысына байланысты. Бұл
функция тек есігінде пайдаланушы интерфейсі бар
үлгіде қолжетімді.
2.2. 6TH SENSE
/ GREEN INTELLIGENCE
6th Sense/ Green Intelligence функциясы келесі
жағдайларда дұрыс температураны сақтауға
арналған:
- Есік біраз уақытқа ашылса
Функция есіктің ашылуы ішкі температура
тағамдардың қауіпсіз сақталуын қамтамасыз
ете алмайтын мәндерге көтерілуін туындатқан
жағдайда іске қосылады және оңтайлы сақтау
шарттары қалпына келтірілгенше белсенді болып
қалады.
- Балғын тағамдар мұздатқышта сақталса
Функция балғын тағам мұздатқышқа салынғанда
іске қосылып, қуаттың төмен тұтынылу деңгейінде
ең жақсы мұздату сапасын қамтамасыз ететін,
оңтайлы мұздату жағдайына жеткенше белсенді
болып қалады.
Ескертпе: Мұздатқышқа салынған тағамның
мөлшерінен басқа, қоршаған орта температурасы
және мұздатқышта бұрыннан бар тағамның
мөлшері 6th Sense/ Green Intelligence
функциясының ұзақтығына әсер етеді. Сондықтан
ұзақтықтың айтарлықтай өзгешеленуі қалыпты
болып саналады.
аңдамалы үлгілерде ғана қолжетімді. Осы функцияның үлгіңіздегі қолжетімділігін ҚЫСҚАША ІСКЕ ҚОСУ НҰСҚАУЛЫҒЫНАН
тексеріңіз.
50mm
50mm