Instruction for Use

205
2.3. ҚОСУ/КҮТУ
Бұл функция мұздатқыш бөлімдерінің On/Stand-by
режимін іске қосады. Өнімді күту режиміне
ауыстыру үшін, On/Stand-by түймешігін 3 секунд
бойы басыңыз. Құрылғы күту режимінде болғанда,
мұздатқыш бөліміндегі шам жұмыс істемейді. Бұл
операция құрылғыны қуат көзінен ажыратпайтынын
есте сақтаңыз. Құрылғыны қайта іске қосу үшін, On/
Stand-By түймешігін 3 секунд басып тұрыңыз.
2.4. ҚУАТТЫ ӨШІРУ ДАБЫЛЫ
Қуат өшкеннен кейін, электр тогы қайта
қамтамасыз етілгенде өнім мұздатқыштағы
температураны автоматты түрде бақылайтындай
етіп жасақталған. Мұздатқыштағы температура
мұздатқыш деңгейінен жоғары көтерілсе, қуатты
өшіру индикаторы
қосылып, Дабыл индикаторы
жыпылықтайды және қуат қайта берілгенде
дыбыстық дабыл дауысы шығады.
Дабылды қалпына келтіру үшін, Дабылды тоқтату
түймешігін
бір рет басыңыз.
Қуатты өшіру дабылы жағдайында, келесі
әрекеттерді орындаған жөн:
Мұздатқыштағы тағам мұздатылмай, бірақ әлі
салқын болса, мұздатқыштағы барлық тағамды
24 сағаттың ішінде тұтыну керек.
Мұздатқыштағы тағам мұздатылған болса,
бұл тағамның еріп, қуат қайта берілгенде
мұздатылғанын көрсетеді, ол өз кезегінде
тағамның дәмін, сапасын және құндылығын
нашарлатып, қауіпті болуы мүмкін. Тағамды
тұтыну ұсынылмайды, мұздатқыштың ішін
толығымен босатқан жөн. Қуатты өшіру дабылы
электр қуаты өшкенде мұздатқыштағы тағам
сапасы бойынша нұсқауларды қамтамасыз
етуге арналған. Бұл жүйе тағамның сапасы
мен қауіпсіздігіне кепілдік бермейді және
тұтынушылардың мұздатқыш бөліміндегі тағам
сапасын өз бетінше бағалағаны жөн.
2.5. ТЕМПЕРАТУРА ДАБЫЛЫ
Дыбыстық дабыл дауысы шығады және
температура индикаторы (°C) жыпылықтайды.
Дабыл келесі жағдайларда іске қосылады:
Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмағаннан кейін
қуат көзіне қосылғанда
Қатырғыш бөлімінің температурасы тым жоғары
болғанда
Мұздатқышқа салынған балғын тағамның
мөлшері техникалық деректер тақтасында
көрсетілген мөлшерден асса
Қатырғыш есігі ұзақ уақыт ашық қалса.
Дыбыстық сигналды өшіру үшін, Дабылды тоқтату
түймешігін
бір рет басыңыз. Мұздатқыш бөлімі
-10°C төмен температураға жеткенде, орнатылған
температура индикаторы (°C) жыпылықтауды
тоқтатқанда және таңдалған параметрді
көрсеткенде Дабыл индикаторы автоматты түрде
өшеді.
2.6. АШЫҚ ЕСІК ДАБЫЛЫ
Дабыл белгішесі
жанып жыпылықтайды
және дыбыстық дабыл дауысы шығады. Есік 2
минуттан артық уақыт бойы ашық қалса, дабыл
іске қосылады. Есік дабылын өшіру үшін, есікті
жабыңыз немесе дыбыс дабылының дауысын басу
үшін Дабылды тоқтату түймешігін
түртіңіз.
2.7. ТҮЙМЕ ҚҰЛЫПТАУ
Бұл функция параметрлерді абайсыздан өзгертуге
немесе құрылғыны өшіруге жол бермейді.
Түймелерді құлыптау үшін Stop Alarm (Дабылды
тоқтату) түймесін Key Lock индикаторы
көрінгенше 3 секунд басып тұрыңыз, сосын
дыбысты сигнал функцияның таңдалғанын растау
үшін шығады. 3 секундтан соң индикатор өшеді.
Іске қосылған кезде, басқа түймелер басылса (Stop
Alarm түймесінен басқа), дыбысты сигнал шығып,
Key Lock индикаторы жыпылықтайды . Key Lock
(Түйме құлыптау) функциясы белсенді болған
кезде, кез келген дабылды ажыратуға болады.
Түймелерді босату үшін, дисплейде Key Lock
индикатор көрінгенше дәл осы процедураны
орындаңыз, функция ажыраған кезде дыбысты
сигнал шығады. 1 секундтан соң индикатор
өшеді.
2.8. ТЕЗ ҚАТЫРУ*
24 сағаттың ішінде мұздатуға болатын балғын
тағам көлемі құрылғының техникалық деректер
тақтасында көрсетілген.
Құрылғы тиімділігі оңтайлы болуы үшін, Fast Freeze
ез қатыру) түймесін (Fast Freeze (Тез қатыру)
индикаторы
жанады) қатырғышқа жас тағамды
салғанға дейін 24 сағат бұрын басыңыз (ЖЫЛДАМ
БАСТАУ НҰСҚАУЛЫҒЫНА САЙ). Жас тағамды
қатырғышқа салған соң, Тез қатыру функциясында
24 сағат болу әдетте жетіп жатады; Тез қатыру
функциясы автоматты түрде шамамен 50 сағаттан
кейін өшіріледі.
Назар аударыңыз:
Қуатты үнемдеу мақсатында, тағамның аз
мөлшерін мұздату кезінде тез мұздату функциясын
бірнеше сағаттан кейін өшіруге болады.
аңдамалы үлгілерде ғана қолжетімді. Осы функцияның үлгіңіздегі қолжетімділігін ҚЫСҚАША ІСКЕ ҚОСУ НҰСҚАУЛЫҒЫНАН
тексеріңіз.